«Изобретения промышленные образцы, товарные знаки» деген бюлетендерді
осы мақсатта пайдаланады. Сөйтіп каталогтар мен библиография бір-бірін
толықтырады жəне өздеріне тəн қызметі мен ерекшеліктері бар. Мыс:
кітапхана каталогтары белгілі бір кітапханалық жəне бірнеше кітапхананың
қорын белгілейді жəне оларды пайдаланудың барлық тобына арналып
жасалынады. Картотекалы каталогтарда жаңа түскен əдебиеттерді үздіксіз
бейнелену мүмкіндігі бар. Ал библиографиялық
құралдар мен картотекалар
болса оларда құжаттың тізімінен тұрады. Дегенмен көрсеткіштік каталогтан
ерекшелігі сол, оларда əдебиеттер белгілі бір кітапхананың қоры емес жəне
олар белгілі бір пайдаланушылар тобына арналып жасалынады жəне сол
кезге дейінгі шыққан əдебиеттерді ғана көрсетеді. Каталогтар мен
картатекалар жүйесінің жəне библиографиялық құралдардың ішкі бірлігі
олар үшін құжаттарға библиографиялық сипаттама жасауда стандартталған
ережелерді қолдануға сүйенеді. Еліміздің
барлық кітапханаларында КБЖ
жүйесін қолданған жүйелердің əрбір элементін ұйымдастыру кезінде
редакциялауда біріңғай принципті бастапқыға алумен каталогтар мен
картатекаларды бір-бірімен байланыстыру үшін анықтама сілтеме аппаратын
қолданумен іске асырылады.
Кітапхана технологиясын əрбір кітапхана əр түрлі ұйымдастырады.
Кітапхана қорының қалыптасуымен каталогтарға факторлар əсер етеді.
Қордың көлемі, оның түрі, құрамы, мазмұны, құрылысы т.б. кітапханалық
түрлері мен типтерінің əр түрлі
болғанымен, оларды кітапхана
технологиясын жалпы принциптер мен əдістерге сүйеніп жүргізудің маңызы
зор. Кітапханаларда кітапханалық технологияны бір ізге келтіру үшін
(унификация) оларды стандарттау мен нұсқаулық əдістерін материалды
қолданады. Нұсқаулық əдістерін материалдар мен стандарттарды қолдану
кітапхана жұмыстарында басшылық жүргізуге, олардың қызметіне бақылау
жасауға жағдай жасайды. Кітапханалық еңбегін жеңілдетеді. Технологиялық
процестерді бір ізге салу оларды жүргізуге мүмкіндік береді. ГОСТ-тар мен
нұсқаулық əдістемелік материалдар үнемі жетілдіріп, жаңартылып отырады.
Ғылым мен тəжірибиенің жетістіктерінің негізінде əрбір 5
жыл сайын
стандарттар жаңарып өзгеріп шығып тұрады. Кітапхана каталогтарын
ұйымдастыру
салаларында
төмендегідей
мемлекеттік
стандарттар
қолданылады. «ГОСТ 7.26-80 «Библиотечное дело основные термины и
определение». ГОСТ 7.39-82 «Систематизация и предметизация термины и
определения».ГОСТ 7.44-84 «Системозация документов общие требование»
ГОСТ 7.45-84 «Предметизация документов общее требование»
Соңғы 3 Стандарттың орнына 1990 ж.жаңа стандарт басылып шықты.
ГОСТ 7.69-90 «Индексация документов»
ГОСТ 7.51-84 «Карточка для катологов и картотек общие требования»
Стандарт дегеніміз объектіге қойылатын
нормалар мен ережелерді
талаптарды белгілейтін мөлшерлік, технологиялық құжат жəне оларды
арнаулы құқылы органдар бекітеді. Стандарттаудың төмендегідей
категориялары бар:
1)мемлекеттік (ГОСТ),
2)Республикалық (РСТ),
3)Салалық (ОСТ)
4)кəсіпорындық стандарты (предприятий-(СТП) кітапхана ісі жəне
библиография саласындағы стандарттар кітапхана
жұмыстарының сапасы
мен тиімділігін арттыруға, олардың іс-əрекетіне ғылым мен озат
тəжірибиесінің жетістіктерін енгізуге жұмыс əдістері мен технологиялық
процестерді
жетілдіруге, кітапхана терминологиясын ретке келтіруге т.б.
жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: