60
Қазақстандағы климат, экологиялық жағдайлар жақсарады деп
күтілуде.
Бұл мәселе бойынша Қызылорда облысында кӛптеген игі
шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, облыста «Орманды сақтау
және республика аумағының орманды жерлерін кӛбейту» жоба-
сы аясында Қазалы қаласында аумағы 30 га тұқымбақ салынуда.
Тұқымбақтың 8,5 га жеріне сексеуіл сеппесі мен әртүрлі ағаш
тұқымдары себіліп, бірнеше жыл ішінде 2500 млн-дай кӛшеттер
ӛсіріліп Арал теңізінің ұлтанына егуге қажетті кӛшеттермен
қамтамасыз ететін болады. Аталған жоба арқылы Арал теңізінің
құрғаған ұлтанына 9000 мың гектар жерге 2300
мың сексеуіл
кӛшеттерін егу жұмыстары жүргізіліп, бұл жұмыстарды атқару-
ға Арал, Қазалы орман мекемелері және жеке кәсіпкерлер тар-
тылды. Сексеуіл ӛскенде теңіздің жалаңаштанған жерлерінен
жел арқылы ұшатын тұздар аэрозолін азайтып, тоқтатып,
сани-
тарлық-қорғаныс
қызметін атқарады.
Атмосфера қозғалысы –
желдің
ӛсімдіктерге әсері күшті
және әртүрлі. Бұлар тік бағытта қозғалатын конвекциялық ауа
массасы және горизонтальды бағытта қозғалатын ауа массасы –
желдер.
Ӛсімдіктер ӛміріне, ӛсіп дамуына желдің тікелей әсері алуан
түрлі. Қазіргі
кезеңде Америка континентінде, Тынық Мұхиты
аралдарында пайда болатын, жылдамдығы ӛте күшті (100-
250 км/сағ) құйын желдер ағаштарды қопарып тастауда. Тамы-
ры топырақтың үстіңгі қабаттарында орналасқан ағашты ӛсім-
діктер, мысалы, шырша, ал жапырақты ағаштар ішінде – қайың,
бүк, және жалғыз ӛскен ағаштар қатты зақымданады.
2011 жылы 17 мамыр және 27 шілдесінде Алматы қаласы
маңындағы
Медеу шатқалында, Іле Алатауы саябағында (қоры-
ғында) күшті жел әсерінен кӛптеген (жүз мыңға жуық) ағаштар
құлап қалды. Осы құлаған ағаштардан тазарту үшін Алматы қа-
ласы бюджетінен қомақты қаржы (617 млн. теңге) бӛлініп, та-
зарту жұмыстары жүргізілді. Күз мезгілінде Іле Алатауы саяба-
ғында (қорығында) 6 мың ағаш кӛшеті отырғызылады деп жос-
парлануда. Кӛгалдандыру жұмыстарын жүргізуге жеткілікті
бюджетінен 90 млн. теңге қаржы жұмсалмақ. Яғни, әрбір эколо-
гиялық апат орасан зор экономикалық шығындар туындатады.
61
Боранды жел әсеріне тӛзімді ағаштарға емен,
сібір қараға-
йы, эвкалипт, секвоя және тамыры тереңге, жан-жаққа таралып
ӛсетін басқа да ағашты ӛсімдіктер жатады. Бір бағытта соғатын
желдер ағашты ӛсімдіктер бұтақтары мен жапырақтарының тек
ық жақта немесе жерге қисайып, тӛселіп ӛсуін туындатады.
Арктикалық және биік таулы жерлерде ӛте жылдамдықпен қар
түйіршіктері ағаш ӛсімдігі бұтақтарын қажап зақымдайды не-
месе қар бетінде қалған мүшелерін қырқып, «қар коррозиясы»
құбылысы пайда болады. Күшті соққан желдер ағаш бұтақтары
мен жапырақтарын құрғатып, фотосинтез процесін тӛмендетеді,
ал тыныс алуы күшейе түсуі мүмкін. Нәтижесінде органикалық
заттар кӛп шығынданып, ӛсімдіктің ӛнімділігі тӛмендейді.
Сонымен бірге, желдердің ӛсімдіктер
тіршілігінде оң әсері
де бар. Кӛптеген ӛсімдіктер (әсіресе, жабық тұқымдылардың
шамамен 10%-дай түрлері) желмен тозаңданады. Мұндай ӛсім-
діктерді
Достарыңызбен бөлісу: