3
КІРІСПЕ
Қоршаған орта –
табиғат
– дегеніміз бұл ӛсімдіктер орга-
низмінің ӛсіп-дамуына, тіршілігіне, кӛбеюі мен таралуына тіке-
лей және жанама әсер ететін
орта компонентерінің жиынтығы,
яғни материалдық денелер,
құбылыстар, энергия. Табиғаттағы
әртүрлі
элементтердің, факторлардың организмге әсері бірдей
емес, біреулері –
бейтарап
(молекулалы азот, инертті газдар), ал
ортаның басқа элементтерінің
әсері күшті.
Мысалы, жарық, жы-
лу (температура), топырақтағы және атмосферадағы ылғал, жер
асты суларының жақын немесе
терең орналасуы және минера-
лизациялануы, табиғи және қолдан жасалынған радиоактивті-
лік, тағы басқаларының ӛсімдіктердің ӛсіп дамуына әсері зор.
Бұларды
экологиялық факторлар
деп атайды.
Ауыл шаруашылығында мәдени дақылдарға әсер етуші орта
элементтерін, атап айтқанда, мелиорация, егістіктегі ӛсімдіктер
тығыздылығы, яғни себу нормасы, берілген минералды тыңайт-
қыштар мӛлшері, енгізу мерзімі мен әдістері, суару режимі, т.б.
агроэкологиялық факторлар
деп аталады.
Экологиялық факторлардың организмдерге қосынды әсерін
әсерлі орта
депте атайды. Ал, ӛсімдіктерді
қоршаған ортаның
кеңістіктегі нақты жағдайын –
өмір сүру ортасы
деп атайды.
Бұл тұрғыдан алғанда ӛсімдіктердің ӛмір сүру ортасының 4 түр-
лі типі бар: сулы ортада, құрылық – ауада, топырақта және басқа
организмдерде (паразиттер) ӛмір сүреді.
«Экология» терминін ғылыми айналымға неміс ғалымы
Э. Геккель (1866 ж.) енгізді. Ал, ӛсімдіктер
экологиясының ғы-
лым ретінде қалыптасуы А. Гумбольдтың (1806-1893 жж.),
Е. Вармингтің еңбектеріне байланысты. Ӛз заманындағы эколо-
гиялық мәліметтерді тұжырымдаған Е. Вармингтің еңбегі (трак-
таты) «Plantesamfunde» 1895 ж. жарияланды. Ол ӛзінің еңбегінде
ӛсімдіктер тіршілігіне әсер етуші абиотикалық және биотикалық
факторларға талдау жасап, жүйеледі; ӛсімдіктердің негізгі тірші-
лік формаларын анықтап сипаттады. Жер шарындағы ӛсімдік-
терді ол негізгі тӛрт экологиялық топтарға бӛлді: 1)
гидрофит-
тер
– суда тіршілік етуге бейімделген ӛсімдіктер; 2)
ксерофит-
тер –
құрғақ топырақ жағдайында ӛсетіндер; 3)
мезофиттер –
4
ылғалдылау топырақта және
ылғалды климат жағдайында ӛсе-
тіндер; 4)
галофиттер –
тұзданған топырақта ӛсетін ӛсімдіктер.
Е. Вармингтің бұл еңбегі ӛсімдіктер
экологиясы ғылымының
дамуына елеулі үлес қосты, осы ғылымның негізі қаланды.
Бірақ, 1910 жылы Брюсельде ӛткен Бүкіл әлемдік ботаника
конгресінде «Ӛсімдіктер экологиясы» ботаника ғылымының
дербес бӛлімі ретінде танылды және осы кезден бастап жеке ғы-
лым саласы ретінде қалыптаса бастады.
Достарыңызбен бөлісу: