97
Минимум заңы – закон минимума.
Егін шаруашылы-
ғында тыңайтқыштарды пайдалануға байланысты алғаш Либих
жасаған заң.
Мозайкалық – мозаичность.
Биоценоздың горизонтальді
құрылымы.
Мутагендер – мутагены.
Мутация туындататын фактор-
лар (ультра-күлгін, рентген, гамма сәулелері, тӛмен немесе жо-
ғары температура, азот қышқылы, кейбір вирустар, т.б.).
Нейтрализм – нейтрализм.
Бір аумақта (территорияда) екі
түрдің бірлесіп ӛмір сүруі, бірақ бір-біріне теріс немесе оң әсер
етпейді. (Мысалы, жиделі тоғайлардағы торғайлар мен сауыс-
қандар).
Нейтрофильдер – нейтрофилы.
Топырақтың рН=6,7-7,0
бейтарап жағдайда ӛсетін ӛсімдіктер.
Нитрофильдер – нитрофилы.
Азот қосындыларына, негі-
зінен нитрат, аммоний тұздарына бай топырақтарда жақсы
ӛсетін ӛсімдіктер.
Нитрофобты ӛсімдіктер
–
нитрофобные растения.
Азоты
аз топырақтарда ӛсетін ӛсімдіктер.
Ноосфера – ноосфера.
Адамзаттың ақыл-ойы нәтижесінде
ғылым мен техниканы дамытып, биосфера ең жоғарғы стадиясы
ноосфера кезеңіне ӛтеді.
«Озон тесігі» – «озоновая дыра».
Озоносферадағы үлкен
кеңістікте озон мӛлшері ӛте аз (50%-ға дейін азайған) қабаттың
пайда болуы.
Озоносфера – озоносфера.
20-25 км биіктікте орналасқан,
озон концентрациясы ең кӛп мӛлшерде болатын атмосфера
қабаты.
Олиготрофтар – олиготрофы.
Құнарсыз, күл элементтері
аз топырақтарда ӛсетін ӛсімдіктер.
Оптимум аймағы – зона оптимума.
Организдер тіршілігі
қалыпты, жақсы ӛсіп дамитын экологиялық факторлар мӛлшері.
Достарыңызбен бөлісу: