Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата28.11.2023
өлшемі210,87 Kb.
#130495
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Күзгі өсімдік. 
Өсімдік жаз бойы өсіп жетіледі. Жеміс береді. Тұқым шығарады. Қиярдың 
жемісін маусымда жегенбіз. Енді күз түсті. Жемістер пісті. Қызыл алмалар 
бұтаққа симайды. Төгіліп тұр. 
Биыл өнген тұқынан келесі жылы жаңа өсімдік өседі. Шөптердің көбі тұқым 
шашқаннан кейін қурайды. Ағаш пен бұта қысқа дайындалады. Бойларындағы 
азықтық заттарын тамырларына жинайды. Енді оларға суық қорқынышты емес.
(53 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: симайды, бойларындағы, қорқынышты. 
4.
Төртінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар. 
5.
Қиярды, өсімдік деген сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар. 
6.
Ұяң дауыссыз дыбыстарды жазыңдар. 
Шофер 
Нағыз шофер мейлінше сабырлы да са болуы тиіс. Ол бар зейінін жолдан 
аудармайды. Шаршадым деп босаңсымайды. Ұйқыға берілмейді. Жылдамдық 
қызығына желікпейді. Жол бойындағы белгілер мен көше ережелерін жатқа 
біледі. Сол ережелерді бұлжытпай орындайды. Ол өзі жүргізетін автомобильді 
жақсы көреді. Өз мәшинесінің сырына қанық болады. 
Шоферлер жаздың ыстығы мен қыстың аязды күндерінде де тыным таппайды.
(54 сөз) 


Жазылуы қиын сөздер: Босаңсымайды, автомобильді. 
3.
Е қандай дыбыстардан құралады? 
4.
Дауысты дыбыстарды жазыңдар. 
Циркулюс. 
Цирк неге цирк аталғанын сіздер білесіздер ме? Цирктегі ең басты орын – 
алаң. Оның алаңы қандай? Дөңгелек цирк үйінің өзі сияқты. Үйретілген аттар 
алаңды айнала шабады. Сондықтан цирк ғимараттары шеңбер түрінде 
салынады. ал неге циркуль деп аталады? Циркуль дөңгелек сызады. Сонда осы 
екі сөздің екеуі де «циркулюс» - дөңгелек, шеңбер деген латын сөзінен шыққан 
екен. (55 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: циркуль, ғимараттары. 
3.
Сұраулы сөйлемдерді табыңдар. Оны цифрмен белгілеңдер. 
4.
В, ф, ц қандай дыбыстар? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет