Тыныс алу қызметі – тері оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп
шығарады (тері арқылы тыныс алу). Бірақ адамда бұл қызмет тыныс
алудың тек 5%-ын жүзеге асырады. Адам ағзасы өкпемен тыныс алған
кезде ғана қалыпты тіршілік ете алады.
Терінің сезімталдылығы онда орналасқан сезімтал жасушалармен
және жүйке ұштары –
рецепторлармен байланыс ты.
Тері тіршілік үшін қажет
D дәруменін өндіреді.
Күн сәу ле сінің
әсерінен
Dдәруменінің синтезі жүзеге асады. Оған құрамында меланин
бар эпидермистің тірі жасушалары жауап береді.
Қор жинау қызметі – қоректік заттарды жинау терінің үшінші
қабатында – май жасұнығында жүзеге асырылады. Бұл жерде ағзаның
май, дәнекер ұлпасының жасушалары түрінде энергетикалық қор
сақталады.
Эпидермис, терінің мүйізді қабаты, меланин, дерма, теріасты майжасұнығы,амортизатор,жылуоқшаулағыш,қоректікзат- тарқоры;қызметтері:қорғаныш,термореттелу,бөліпшығару, тынысалу,терініңсезімталдылығы;рецептор,Dдәрумені. Білу және түсіну :
1. үнемі қабыршақтанып, жаңарып отыратын тері қабатын атаңдар.
2. Неліктен
D дәрумені «Тері» тақырыбында қарасты рыла ты нын
түсіндіріңдер. Оны өндіруге қатысатын затты атаң дар.
3. Эпидермистің қандай қабатынан тері туындылары және қандай даму
кезеңінде түзілетінін түсіндіріңдер.
4. Терінің мүйізді қабатының майлануына жауапты құрылымдарды
атаңдар.
қолданылуы :
1. Тер бездерінің қызметін атаңдар. Тер арқылы қандай заттар
шығарылады? Олар қандай органикалық заттардың ыдырау өнімдері
болып табылады?
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217