Дәрумендердің жетіспеушілігі – ағзаға түсетін дәрумендердің көп
жұмсалуынан пайда болатын ауру күйі.
Дәрумендер – аз мөлшерде тамақтануға, зат алмасуға және ағза тіршілігіне
қажет химиялық құрамы әртүрлі органикалық заттар.
Дезинсекция – ауру қоздырушыларын тасымалдаушы зиянкес буынаяқты-
ларды (шыбын, маса, бит, кене және т.б.), ауылшаруашылық зиянкестерін және
т.б. жою шараларының кешені.
Дезинфекция – сыртқы ортадағы жұқпалы ауру қоздырушыларын жою
шараларының кешені.
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНқ) – тірі ағзалардың жасушаларында
болатын жоғары полимерлік табиғи қосылыстар. Гистон нәруыздарымен бірге
хромосома затын түзеді.
Дендрит – жүйке жасушасының тармақталған өсіндісі; жүйке импульсін
нейрон денесіне өткізеді.
Депрессия – психиканың бұзылуы: жабырқаңқы, тұнжыраңқы көңіл күй;
өзінің түкке тұрмайтынын сезініп, түңілушілік; қызығушылығының төмендеуі;
қимыл-қозғалыстың тежелуі және т.б.
Дерматоз – тері және оның туындыларының – тырнақ, шаш ауруларының
жинақталған атауы.
Диастола – қан құйылған кезде жүрекше және қарынша бұлшық еттерінің
босаңсуынан жүрек қуысының ұлғаюы.
Диетология – адамның тиімді тамақтануы туралы ілім.
Дизентерия – тоқішекті зақымдайтын және жалпы улану байқалатын өткір
жұқпалы ауру (іштің өтуі).
Домалақ без – эпифиз
. е евстахий түтікшесі, есту түтікшесі – жұтқыншақты дабыл жарғағы қуысымен
қосатын түтікше.
екінші сигналдық жүйе – тек адамға тән сөйлеу сигналдары жүйесі.
екінші реттік жыныс белгілері – дене пішіні мен пропорциясы, түк жабыны,
май жиналу және дауыс ырғағындағы айырмашылық, сондай-ақ әйелдерде сүт
бездері, ер адам көмекейіндегі шығып тұратын шеміршек және т.б.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217