А. Соловьева, Б. Ибраимова


емдік денешынықтыру (еДШ)



Pdf көрінісі
бет235/259
Дата28.11.2023
өлшемі5,1 Mb.
#130767
түріКнига
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   259
267
емдік денешынықтыру (еДШ)
– денешынықтыру әдістерімен ауруларды 
емдеу және алдын алу. 
есеңгіреу, шок
– адам өміріне қауіпті күй; ағзаның жарақат алуы, күйік, 
операция және сәйкес келмейтін қан құю кезінде, инфаркт болғанда және т.б. 
әсер көрсетуіне байланысты пайда болады.
ессіз күй, кома
– ес-түсті толық жоғалту; қан айналым, тыныс алу және 
зат алмасудың бұзылуы; рефлекстің болмауымен сипатталатын өмірге қауіп 
туғызатын күй.
есте сақтау, жады 
– өткен жеке тәжірибелерді қайта жаңғырту, еске түсіру 
қабілеті. 
есінеу
– ұзақ терең тыныс алу мен қарқынды тыныс шығарудан тұратын 
еріксіз тыныс алу қозғалысы. Қанда көмірқышқыл газы жинақталған кезде 
мүшелерді оттекпен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған ағзаның 
рефлекстік реакциясы.
Ж
Жас
– жас безінің секреті. 
Жастық шақ – 
бал дәурен шақтан кейінгі есейген кезге дейінгі өмір кезеңі; 
ағзаның тіршілік ету күші жинақталады және дамиды.
Жарымес 
– ескірген атау. Психикалық тұрғыда қалыпты емес адам.
Жемсау
– қалқанша бездің тұрақты түрде ұлғаюы. 
Жүрек бұлшық еті 
– миокард. 
Жүрекмаңы қапшығы
– перикард дегенді білдіреді. 
Жұқпалы аурулар
– ауру адамнан сау адамға берілетін, ауру тудырғыш 
микроағзалар тудыратын аурулар.
Жұмыртқа – 
жұп аталық жыныс безі.
Жұмыртқа жасушалары – 
ұрықтану нәтижесінде немесе партеногенез 
жолымен жаңа ағза дамитын аналық жыныс жасушасы.
Жыпылықтау, кірпік қағу 
– мөлдір қабықтағы, көздің шырышты қабығын-
дағы, қабақ терісіндегі, кірпіктегі үшкіл жүйкенің сезімтал ұштарының 
механикалық тітіркендіруге немесе жарық тітіркендіруіне жауап ретінде 
қорғаныш рефлексі.
з
зат алмасу, метаболизм 
– ағзада жүретін, оның өсуін, тіршілік әрекетін, 
өніп-өсуін, қоршаған ортамен тұрақты байланысы мен алмасуын қамтамасыз 
ететін химиялық айналымның жиынтығы. 
зейін
– психикалық қызметтің (әрекеттің) белгілі бір нысанға бағытталуы.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   259




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет