А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет32/259
Дата28.11.2023
өлшемі5,1 Mb.
#130767
түріКнига
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   259
39
Синтез:
1. Қылқанжапырақтыларды жақсы дамыған сүрегі және осы тіршілік 
формасында болуына байланысты қосжар нақ тыларға жатқызуға бола 
ма? Талқылаңдар. 
2. Критерий бойынша даражарнақты және қосжарнақты өсім діктерді 
жүйелеңдер. 
Бағалау:
1. Жолжелкен дара жар нақ тылардың белгісі бар, бірақ қосжарнақты-
ларға жата тын өсімдік. Ал қар ғакөз керісінше қосжарнақтылардың 
бел гісі бар, бірақ даражарнақтыларға жатады. Осы өсімдіктердің 
құры лысы ның ерек шелігі туралы хабарлама дайындаңдар. 
2. Алған білімдеріңнің негізінде қандай белгілер бірінші дәрежелі болып 
табылатыны туралы өз пікірлеріңді айтыңдар. 
3. Гүлді өсімдіктердің кластарын анықтау кезінде тек бір белгіні 
пайдалануға болмайтынын дәлелдеңдер.
№4 зертханалық жұмыс
. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер 
клас тарының белгілерін зерттеу. 
249-бетті қара.
§9. Жануарлардың басым типтері 
 
мен олардың кластары
Буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын 
ерекше белгілері бойынша тану
Жануарлардың қандай типтерін білесіңдер? Олардың қандай айыр ма-
шылықтары бар? Хитин, желі, сыртқы және ішкі қаңқа дегеніміз не? Олар 
қандай жануарларға тән?
Жануарлардың басым типтері. 
Қазіргі кезде жер жүзінде біржасу-
шалы және көпжасушалы жануарлардың әртүрлі тип тері бар. Олардың 
барлығы эволюция барысында жетіліп, тіршілік ортасына жақсы 
бейімделді. Бірақ жануарлардың екі типі басқа жануарлар дүниесінен 
күрт ерекшеленеді. Бұлар – түрлер және дара саны ең көп 
буынаяқтылар­
типі. Екін шісі эволюция барысында ең соңында пайда болған, ең жетілген
желілілер­
типі. 
Буынаяқтылар типінің сипаттамасы, олардың кластары. 
Буын-
аяқтылар типі сырттай желілілер типінен күрт ерек ше ле неді. Бұл 
жануарлардың маңыз ды төрт белгісі бар. 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


40
1. 
Сыртқы­қаңқасы
– 
хитинді
жабыны бар.
2. 
Денесі­сегменттерден­–­буындардан
тұрады.
Денесі арғы тектеріндегі сияқты 
(сақина­ тәрізді­ құрттар)
сақи-
налардан – сегменттерден тұрады. Бірақ жауынқұрттан айыр машылығы 
сегменттерінің мөлшері әртүрлі болады. 
3. 
Бунақты­ аяқтары
– буынаяқтыларда эволюция бары сын да бу-
ындары пайда болды. Оларды жеке бұлшық ет шоғырлары қозғалысқа 
кел тіреді. Құрттарда – 
тері-бұл­шық­ет­қапшығын
түзген бұлшық етінің 
тұтас қабаты ғана бол ады. 
4. 
Денесі­үш­бөлімнен:
бас,­көкірек,­құрсақтан­
тұрады. Шаянтәрізді-
лер мен өрмекшітәрізділерде 
баскөкірегі
тұтасып кеткен. Ал жәндіктердің 
дене бөлімдері тұтаспаған. 
Буынаяқтылар типіне омыртқасыздардың үш класы: шаян тәрізділер, 
өрмекшітәрізділер мен жәндіктер (бунақ дене лілер) жатады (29-сурет). 
Шаянтәрізділер­ класын
көбінесе су жануарлары құрайды (есек-
құрттан (мокрицадан) басқа). Барлық шаянтәрізділер 
желбезекпен
тыныс 
алады және екі жұп мұртшасы болады. 
Өрмекшітәрізділер­класына
нағыз өрмекшілер де, пара зиттік тіршілік 
ету салдарынан өзгерген кенелер де жата ды. Ежелгі өрмекшітәрізділерге 
жойылып кеткен шаян-құр шаяндардан (ракоскорпионов) шыққан 
құршаяндарды жатқызады (қазіргі кезде ежелгі суөрмекшітәрізділері – 
сем­сер­құйрықтылар
(мечехвосты) тіршілік етеді). Өрмек шітә різділердің 
айқын байқалатын сыртқы ерекшеліктері: тұтасып кеткен баскөкірегі, 
29-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   259




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет