Адам тістерінің типтері басқа сүтқоректілер сияқ ты күрек тіс, ит тіс,
кіші және үлкен азу тістер болып бө лінеді (34-сурет).
Ересек адамда 32 тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жақ
сүйектеріндегі ұяшықтарға бекінген. Әрбір жақ сүйекте 16 тістен
орналасқан. Тістердің пішіні әртүрлі. Кесетін жиегі бар тістер –
күрек тістер немесе
алдыңғы тістер деп те атайды. Олардың қызметі асты
«кесу», яғни тістеуден тұрады. Саны – 8.
Күрек тістердің екі шетінде пішіні үшкірлеу келген
ит тістер орналасқан. Олардың саны – 4. Жыртқыштар отрядында бұл тістер
жақсы жетілген, сол үшін оларды
иттістер деп атайды.
Ит тістерден кейін әрбір жақ сүйектің оң және сол бөлігінде екіден
8кішіазу тіс орналасқан. Кіші азу тістерден кейін 3 тістен
үлкен12 азу тіс бар. Азу тістердің беті жалпақ, бұдыр болады. Адам олардың
көмегімен асты шайнайды.
Жаңа туған нәрестеде тістері болмайды. Алғашқы тістері 6–9 айында
шыға бастайды. Әрбір жақ сүйекте 10 тістен барлығы 20 тіс шығады.
Бұл тістерді
сүттістер деп атайды және бала 3 жасқа толғанға дейін
толық шығып бітеді. Сүт тістер 6–7 жасқа қарай түсе бастайды. Олардың
орнына тұрақты тістер шығады. Бұл балалардың жақ сүйектерінің
ерекшелігіне байланысты. Тұрақты тістердің жасушалары сүт тістердің
түбірінде орналасады. Олар біртіндеп сүт тістерді итеріп шығарады да,
тістерге қоректік заттардың түсуіне кедергі келтіреді. 12–14 жасқа қарай
тұрақты тістер толық шығып бітеді. Ең соңғы азу тістер 18–20 жаста
(кейде одан да кеш) шығады. Оларды
ақыл тістер деп атайды. Шын
мәнінде, олардың ақылға ешқандай қатысы жоқ.
34-сурет. Тістің топтары: 1 – күрек тістер; 2 – ит тістер; 3 – кіші азу тістер; 4 – үлкен азу тістер
4
3
1
2
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217