А. Соловьева, Б. Ибраимова


қабырғааралық бұлшық еттер мен көкет (диафрагма) тыныс



Pdf көрінісі
бет98/259
Дата28.11.2023
өлшемі5,1 Mb.
#130767
түріКнига
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   259
қабырғааралық бұлшық еттер мен көкет (диафрагма) тыныс 
алу қозғалыстарын жүзеге асырады 
(61-сурет). Тыныс алу кезінде 
қабырғааралық бұлшық еттер қабырғаларды көтереді. Олар өкпені алға 
және жан-жағына созады. 
Көкет­(диафрагма)
– кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын 
күмбез тәрізді бұлшық ет. Жиырылған кезде көкет төмен түседі (басы-
лады) де, құрсақ қуысының мүшелерін төмен қарай итереді. Ол өкпені 
төмен қарай тартады. Бұл кезде кеуде қуысының көлемі артады және 
өкпедегі қысым төмендейді. Нәтижесінде өкпе созылады да ауамен тола-
ды. 
Тыныс шығарған кезде
кеуде қуысы мен өкпенің көлемі кішірейеді. 
Көкет жоғары көтеріледі де, ауа жолдары арқылы ауа сыртқа шығады. 
Жиі тыныс алған кезде ішкі қабырғааралық бұлшық еттер мен құрсақ 
қабырғасының бұлшық еттері жиырылады. 
Егер тыныс алу кезінде қабырғааралық бұлшық еттер едәуір 
белсенді болса, мұндай тыныс алу типі 
кеуделік
деп аталады. Ты-
ныс алудың бұл типі әйелдерде жиі кездеседі. Ер адам дар да көбінесе 
құрсақтық
тыныс алу болады. Оларда тыныс алу кезінде көкет едәуір 
белсенді болады. 
ә
)
а
)
көкет
құрсақтық
кеуделік
61-сурет. 
Кеуде қуысы көлемінің өзгеруі: 
а) тыныс алғанда; ә) тыныс шығарғанда
8–3459
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


114
Нейрогуморальдық,­ хеморецепторлар,­ қорғаныш­ реф­лекс­тері,­
көкет­ (диафрагма),­ кеуделік­ және­ құр­сақ­тық­ тыныс­ алу­
типтері.­


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   259




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет