Бұлшықет ұлпасы,құрылысы,түрлері мен гистогенезі



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі1,51 Mb.
#126427
  1   2   3
Байланысты:
Бұлшықет ұлпасы,құрылысы,

Бұлшықет ұлпасы,құрылысы, түрлері және гистогенезі

Орындаған:Сапарбек шұғыла,

Софиева Аружан

Қабылдаған:Сеитметова Айман

Жоспар:

  • Кіріспе
  • Негізгі:
  • 1Бұлшықет – тірек қимыл жүйесінің белсенді бөлігі.
  • 2Бұлшықет түрлері
  • 3Бұлшықет ұлпасының регенерациясы
  • Қорытынды

.

Бұлшық ет — тірек-кимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Жануарлар ағзасының өсімдіктер әлемінен бір айырмашылығы — қимыл қызметін атқаратын бұлшық еттердің болуы. Бір орыннан екінші орынға ауысу, қауіп-қатерден кұтылу, сонымен бірге денедегі барлык мүшелердің жұмыс істеуі, адамдардың бір-бірімен тілдесуі бұлшық еттердің жәрдемімен атқарылады.Бұлшық ет жиырылған кезде жылу бөлініп, қанның құрамы өзгереді, соның өсерінен денеде күрделі тірлік әрекеттері жүзеге асады. Дененің құрысып, сіресуі арқылы денені белгілі бір күйде ұстап тұруға немесе кез келген қалыпты жағдайда сақтап қалуға мүмкіндік туады. Мұны бұлшық еттердің жиырылуы дейді. Ал бұлшық еттің жиырылуы қозуға байланысты, бірақ жиырылу сәті тітіркену сәтіне сай келмейді. Бұл екі аралыкта жасырын сөтте уақыт өтеді. Бұл жүйке арқылы тітіркенушілік пен қозудың жүру уақытына байланысты.

.

  • Ересек адамдардың қаңқасындағы бұлшық еттердің орта есеппен алған мәлшері жалпы дене салмағының 40%-іне тура келеді. Бұл мөлшер нәрестеде — 20-22%, ал кәрі кісілерде 25-30% шамасында болады. Бұлшық еттің негізгі қызметінің бірі — механикалық жұмыс. Егер бұлшық ет жиырылған кезде дене бір орыннан екінші орынға ауысатын болса, онда қозғалыс немесе динамикалық, ал бұлшық ет жиырылған кезде дене қимылсыз қалса, онда қозғалтпайтын немесе статикалық жұмыс деп аталады. Денедегі әр түрлі бұлшық еттер әрқилы жұмыс істеуге бейімделген. Бұлшық еттің күші оны құрайтын талшықтардың санына, яғни оның көлденең қимасының ауданына пропорционал. Бұлшық еттердің эволюциялық шығу тегіне қарағанда бірыңғай салалы бұлшық еттің өте ертеден пайда болғаны байқалады. Өйткені оны омыртқасыз жәндіктерден жиі көреміз. Кейін қимылдың күрделіленуіне байланысты келденең жолақты бұлшық еттердің омыртқалы жануарларда жиірек кездесетіні ғылыми дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет