Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Бұрынғы  заң-қағидаларға



Pdf көрінісі
бет66/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

Бұрынғы 
заң-қағидаларға 
енгізген 
ережелері 
мынау:
1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын 
жазалар).
3.Əскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны 
т.б.).
4.Елшілік жоралары (шешендік, əдептілік, халықаралық қатынастардағы 
сыпайлық, 
сөйлеу 
мəнері).
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы 
ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге 
келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге əкелді.
Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын жəне қазақтардың 
этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі жəне 
сыртқы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Əйгілі (орта ғасырлық) 
тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: 
«Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім 
болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді.
Сонымен, Қасым хан тұсында қазақ хандығы саяси экономикалық жағынан 
күшейіп нығайды . Оның тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде 
Батыс Европаға, Руське мəлім болды. Русьпен дипломатиялық байланыс 
жасалды, ол байланыс осы күндері жалғасып отыр.
 


XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың əдеттегі қуқық (право) 
нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тəуке хан билік құрған 
кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мəлім, мұның өзі 
сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы 
қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық правосының негізгі принциптері 
мен нормалары баянды етілген. Ғылыми əдебиетте бұл заңдық (юридикалық) 
құжат (документ) «Тəуке ханның ережесі» немесе «Тəуке ханның заңдары» 
деп аталады. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде 
мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тəуке хан 
дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып 
қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын 
«Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі.
«Тəуке хан ережесінің» негіздері туралы қайсы бір тиянақты пікір айту қиын, 
кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның Ясасынан іздейді, енді 
біреулері «Жеті жарғы» Ясадан мүлдем тəуелсіз жазылған деседі. Тегінде, 
«Жеті жарғының» негізгі көзі деп бəрінен бұрын қазақтардың əдеттегі 
байырғы правосын, сондай – ақ Тəукеден бұрын өмір сүрген қазақ 
хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға негізінен 
алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы əскери – саяси жəне əлеуметтік 
өмірінің қажеттеріне жауап беретін ережелер енді.
«Жеті жарғыны» жасау қолданылып келген əдеттегі правоның нормаларын 
қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол 
нормалардың феодал ақсүйектердің мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау 
мақсатын көздеді. Сөйтіп, Тəуке ханның «Жеті жарғы заңдары» қазақ 
қоғамының сол замандағы əлеуметтік жəне құқық нормалары заң жүзінде 
баянды етілді.
«Жеті жарғыға» əкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, 
сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда 
қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың 
ежелгі əдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» 
негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның 
ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тəуке ханның дəуіріне , саясатына сай 
енгізілген жаңалықтар.
«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:
1. Жер дауы заңы (земельный закон)
2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон)
3. Əскери заң (военый закон)
4. Сот заңы (судебный закон)
5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон)
6. Құн заңы (закон о Куне)
7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)
Сөйтіп, «Жеті жарғының» біздің заманымызға дейін жеткен заңдар осындай 
еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет