68
электронды почтасына жібереді және де мәліметтер қорына жазады. Жұмыс
орын таза күйде ұстайды.
Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру құрал – жабдықтарды толық
пайдаланып, жұмысшының дене және эмоционалдық күшін үнемдеп
жұмсағанда ұзақ уақыт бойы жоғары сапалы жұмыс істеуге, еңбектің
мазмұндылығы мен жұмысшының денсаулығын сақтауға қажетті жағдайды
қамтамасыз етеді. Оператор үшін жайлы еңбек орны жасалған.
Жұмыс орнын ұйымдастырудағы маңызды жағдай жұмысшы алатын
ауданды анықтау. Бұл бөлмеде бір жұмыс орнына 14 м
2
жұмыс ауданы сәйкес
келеді, ал көлемі 42 м
3
құрайды. Оптималды еңбек шарттарын қамтамасыз
ету үшін бір жұмысшы үшін бөлме ауданы 6м
2
, ал көлемі 19.5м
3
кем болмауы
қажет, яғни бір жұмысшыға арналған бөлме өлшемдері ережесі сақталған.
Оператордың негізгі жұмыс орны дербес компьютер орнатылған жұмыс
үстелі. Жұмыс орнын ұйымдастырудағы маңызды фактор жұмысшының
позасы, яғни денесінің, басы, аяқтары мен қолдарының орналасуы.
Объекттегі жұмыс категориясы 1б (жеңіл физикалық жұмыс)
категориясына кіреді, яғни тұрып, отырып және жүру барысында орындалады
және жұмысалатын энергия 140 – 174 Дж∙с [1] аспайды.
Оператор дербес компьютер орналасқан бөлмеде орналасқандықтан
шамның минималды жарықтандыруы 200лк[2] тең болуы тиіс. ҚР СНиП 2.04-
05-2002 сәйкес оператор жұмысы орта дәлдікті жұмысқа жатады.
Достарыңызбен бөлісу: