14
1 Пәндік салаға талдау жасау
1.1 Қазақстандғы интернет
2010-2012 ж.ж. экономикалық өсім инфрақұрылымның дамуына
байланысты мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындардың инвестициялық
өсімін айқындады. Сонымен қатар, ол жұртшылықтың жоғары білім әлеуетіне
ие болуға әзір болуына мүмкіндік туғызды (Интернетке қол жетімділікке
бағаны кезең-кезеңмен төмендете отырып және ақырғы тұтынушыға берілетін
арналардың өткізгіштік мүмкіндігін кеңейту арқылы). Мемлекеттік уәкілдік
етуші
органдардың
бүкіл
осы
уақыт
аралығында
ақпараттық-
коммуникациялық саланың даму басымдығын талай рет қайталай жариялаған
тынымсыз еңбегі процестің ілгерілеуіне белгілі дәрежеде мүмкіндік туғызды.
ҚР республикалық ақпараттандыру және байланыс (АБА) Агенттігінің
мәліметі бойынша 2010 ж. Интернеттің таралу дәрежесі (1,9 млн.) құрады,
2011 -35%, алайда 2012 жылдың қазан айында байланыс операторларының
есебіне сүйене отырып, ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасы
47% (7,4млн. адам) деген санды көрсетті. Бұл санға кеңтарапты
қолжетімділіктегі 2,2млн. абонент, коммутирлі қолжетімділікте (dial-up)
0,6млн. абонент, сонымен қатар Интернет торына мобильды қолжетімділікте
4,6млн. абонент кірді. Мобильды Интернет қызметін (WAP, GPRS, EDGE)
пайдаланушы ұялы операторлар абоненттер көбінесе тұтынушылардың
алғашқы екі категориясының біріне қатысты болғандықтан бұл көрсеткішті
дұрыс деп санаудың өзі қиындау. Күмәнді десек те, ресми санақ әдістемесінде
абоненттер санының тез өсуінің жағымды фактілерін атауға болады:
кеңтарапты қолжетімділік абоненттері саны - 2010 жылы 981 мыңнан, 2011
жылы 1973 мыңға дейін, яғни бір жарым еседей артық болса, 2012 жылы
қайтадан екі есеге арта түсті. Шетелдік дерек көздері Қазақстан бойынша
аздап жоғарылау санды көрсетеді. Сонымен WorldStat Internet ұйымының
санағы бойынша Интернеттің еніп таралу дәрежесі 12,3%-ды (1,9млн.)
құрайды, әйтсе де республика жұртшылығының Әлемдік ғаламтордағы
қатынасу қарқынының жоғары екендігі мойындалады: 2000-2012ж.ж.
аралығында қолданушылар саны 29 есеге артты. Ірі Budde Comm Интернет-
компаниясының мәліметіне сәйкес қолданушылар саны 1,5млн. адамды
құрайды, мобильді телефондар арқылы қолжетімділікті есепке алмағанда
таранып ену дәрежесі-9,8%. Hivos Қорының (Нидерланды) «Ғаламдық
ақпараттық ұйымының» есебінде сарапшылардың пікірі бойынша мұндай
көрсеткіштер қазірше жеткілікті деп санала қоймайды, оның себебі
телекоммуникация секторын либерализациялау қарқынының баяулығы және
бағаның бірте-бірте төмендетілуіне қарамастан, Интернет қызметі тарифы әлі
де жоғары болып отыр. Бұған Интернетті үйде пайдалануға мүмкіндіктері бар
- аса кең тарала қоймаған «орта класс» қабатын, Қазақстандағы ауыл
тұрғындарының жоғары процентті құрайтындығын және АКТ мәселесінде
көпшіліктің сауатының төмендігін қоса айтуға болады. Сарапшылар тобында
15
бұл факторлар ортасы басқа да институционалдық параметрлермен
үйлесімділікте электрондық даярлық дәрежесін атайды. Осыған қарамастан,
пайдаланушылардың көрсетілген әлеуметтік өсімі әрі мемлекеттік және
жекеменшік
провайдерлер
инвестициясының
жалғасуы,
алаңда
бәсекелестіктің қыза түсуі, технологиялық инновациялар, жекелеп алғанда,
кейбір өткізгішсіз жүйенің дамуы негіз береді.
Достарыңызбен бөлісу: