И. А. Зимняя педагогикалық психология


Оқу іс-әрекетінің негізгі сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет108/229
Дата02.12.2023
өлшемі2,21 Mb.
#131392
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   229
Байланысты:
И.А. Зимняя Педагогикалық психология (2) 3

Оқу іс-әрекетінің негізгі сипаттамалары 
Оқу іс-әрекетінің, оны оқудың басқа формаларынан ажырататын 
ҥш негізгі сипаттамалары белгіленеді: 1) ол оқу материалын игеруге 
және оқу міндеттерін орындауға әдейі бағытталған; 2) онда әрекеттердің 
жалпы тәсілдері мен ғылыми тҥсініктер игеріледі (мектепке дейін 
игерілген тҧрмыстық тҥсініктерге қарағанда); 3) әрекеттің жалпы 
тәсілдері міндеттерді орындаудың алдын алады (И.И. Ильясов) (алдын 
алушы жалпы тәсілдер, әрекеттер бағдарламасы жоқ кездегі, байқап 
кӛру және қателесу әдісі бойынша оқумен салыстырсақ, онда оқу іс-
әрекет емес). Бҧл ҥшеуіне оқу іс-әрекетінің екі маңызды сипаттамасын 
қосайық. Біріншіден, танымдық қанықпайтын қажеттіліктерге жауап 
бере отырып, 4) оқу іс-әрекеті субъекттің ӛзін ӛзгеріске тҥсіреді, бҧл 
оның, Д.Б. Эльконин анықтауы бойынша, негізгі сипаттамасы болып 
табылады. Екіншіден, оқу қҧрылымы мен ҥрдісінің чехиялық теоретигі 
Й. Лингарт оқудың белсенді формасы ретінде оқу іс-әрекетінің тағы 
бір ерекшелігін қарастырады, дәлірек айтсақ, 5) ҥйренушінің 
психикалық қасиеттері мен мінез-қҧлқының «оның ӛз әрекеттерінің 
нәтижелеріне байланысты» ӛзгеруі. Осылайша, оқумен теңестіре 
отырып оқу іс-әрекетінің бес сипаттамасы жайлы айтуға болады.
Оқу іс-әрекетінің, ҥйренушілердің әрекеттің жалпыланған 
тәсілдерін игеруі, олардың мҧғалімнің оқу әрекеттері арқылы әдейі 
қойған оқу міндеттерін орындау арқасында ӛзіндік дамуы іс-әрекеті 
ретіндегі анықтамасын негізге ала отырып, оның іс-әрекеттік 
сипаттамаларын қарастырайық. Ең алдымен Д.Б. Элькониннің ізімен
оның қоғамдық сипатын атап ӛтейік: 
мазмұны
бойынша, себебі ол 
адамзат жинақтаған мәдениет пен ғылымның барлық байлықтарын 
игеруге бағытталған; 
мағынасы
бойынша, себебі ол қоғамдық мәнді 
және қоғамдық бағалаушы; 
формасы 
бойынша, ӛйткені ол оқытудың 
қоғамдық ӛндірілген нормаларына сәйкес және де арнайы қоғамдық 
мекемелерде ӛтеді, мысалы мектептерде, гимназияларда, колледждерде, 
институттарда. Кез-келген іс-әрекеттер сияқты оқу іс-әрекеті саналы
тҥсінілгендігімен сипатталады және оның белгілі бір қҧрылымы мен 
мазмҧны бар.


185 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет