Мотивация – оқу іс-әрекеті құрылымының бірінші компоненті Мотивация, ары қарай кӛрсетілетіндей, тек оқу іс-әрекетінің
қҧрылымдық ҧйымдасуының негізгі компоненттерінің бірі ғана емес
(Э.Торндайктың «әзірлік заңын», П.Я. Гальпериннің мотивацияны ақыл-
ой әрекеттерінің сатылап дамуының алғашқы міндетті сатысы ретінде
қарастыруын еске тҥсірейік), сонымен қоса осы іс-әрекет субъектінің
ӛзінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Мотивация оқу іс-
әрекетінің қҧрылымына бірінші міндетті компонент ретінде енеді. Ол іс-
әрекетке қатысты ішкі немесе сыртқы болуы мҥмкін, бірақ осы іс-әрекет
субъекті ретіндегі тҧлғаның әрқашанда ішкі сипаттамасы болады. Дәл
осы мотивацияның оқу іс-әрекетіндегі бірінші дәрежелік маңызды-
лығымен оның келесі тарауда арнайы жете қарастырылуы тҥсіндіріледі.
Оқу іс-әрекеті құрылымындағы оқу міндеті Санақ бойынша екінші, бірақ іс-жҥзінде оқу іс-әрекеті
қҧрылымының басты компоненті оқу міндеті болып табылады. Ол
оқушыға белгілі бір оқу жағдайындағы белгілі бір оқу тапсырмасы
ретінде ҧсынылады (оның тҧжырымы оның шешілуі мен нәтижесі ҥшін
аса маңызды), олардың жиынтығы тҧтастай оқу процесі болып
табылады.
«Міндет» тҥсінігі ғылым дамуында ҥлкен тарихқа ие.
Психологиялық тҧрғыда отандық ғылымда міндеттер категориясын
алғашқылардың бірі болып қарастырған зерттеуші М.Я. Басов (1892-
1937). Ол баланың іс-әрекетін талдай отырып, тҥрлі оқу және ӛмірлік
ситуациялар ҥшін ортақ нәрсе - міндет болып табылады деп кӛрсеткен.
Бҧл ортақ сәт адамның әлі білмейтін нәрсесін және затта жай ғана кӛре
алмайтын нәрсені ашуға деген қажеттілігімен байланысты; ол ҥшін оған
осы затпен белгілі бір әрекет жасау қажет. Ӛз еңбектерінде ол
психологияда міндет тҥсінігімен қатар, «әрекет», «мақсат» және
«тапсырма» терминдерін қатар қолданудың мақсатқа сәйестілігін
дәйектеді.
Кейіннен С.Л. Рубинштейн жҧмыстарында міндет тҥсінігі әрекет
тҥсінігімен ара қатынаста және жалпы мақсатты болжау контексінде
неғҧрлым кең талқылау алды. С.Л. Рубинштейн бойынша
«адамның ырықты әрекеті дегеніміз – бұл мақсатты жүзеге асыру. Әрекет жасамас бұрын, мақсатты