И. А. Зимняя педагогикалық психология


Іс-әрекеттің даралық стилі



Pdf көрінісі
бет159/229
Дата02.12.2023
өлшемі2,21 Mb.
#131392
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   229
Байланысты:
И.А. Зимняя Педагогикалық психология (2) 3

Іс-әрекеттің даралық стилі 
Іс-әрекет стилі ӛзін-ӛзі реттеу стилімен байланысты. Екеуі де 
адамның тҧтас даралық белсенділік стилінің, іс-әрекетінің екі ӛзара 
байланысты жақтары ретінде қарастырылады (В.И. Моросанова, Г.А. 
Берулава). Соңғы он жылдықта бҧл қҧрылымға танымдық іс-әрекеттің 
ерекшелігін анықтаушы және тәуелсізділігімен, саралап жіктелінуімен,
талдамалығымен сипатталынатын когнитивті стиль тҥсінігі қосылады. 
Қазіргі кезде «стиль» тҥсінігі ӛте кең контексте мінез-қҧлық стилі, іс-
әрекет стилі, басқару стилі (лидерлік), қарым-қатынас стилі, когнитивті 
стиль және т.б. ретінде айтылады.


264 
Г.М. Андреева атап кӛрсеткендей [10, 282 б.], К. Левин анықтаған 
мінез-қҧлық стильдері ең алдымен, жетекшілердің шешім қабылдау 
тҥріне жатқызылды. Жетекшілік етудің ӛктемшілдік, демократиялық 
және бетімен жіберуші ҥш стилі белгіленді. Кейінгі зерттеулерде оның 
директивті, алқалық және рҧқсат етілетін сияқты анықтаулары енгізілді. 
Алайда іс-әрекетке (мінез-қҧлыққа), ӛзара әрекеттесуге, қарым-
қатынасқа қатысты кӛбінесе К. Левин ҧсынған кӛрсетулер 
қолданылады. Стильдің екі жағы бӛлінеді: мазмҧндық және техникалық, 
яғни формалдық (амал, тәсілдер). Тӛменде, Г.М. Андреева бойынша, ҥш 
стильдің формалдық
және мазмҧндық жақтарының толық сипаттамасы 
келтірілген [10, 283-284 б.; 11, 222-224 б.]: 
Формалдық жағы
Мазмұндық жағы
Ӛктемшілдік стиль 
Іскерлік, қысқа әмірлер. 
Аяусыз, қоқан-лоққылы тиым салу-
лар. 
Нақты сӛз, салқын ҥн.
Мақтау мен сӛгу субъективті.
Эмоциялар есепке алынбайды. 
Тәсілдерді кӛрсету – жҥйе емес. 
Лидер позициясы- топтан тыс. 
Топтағы істер алдын-ала жоспарла-
нады (барлық кӛлемінде). 
Тек тікелей мақсаттар ғана анықта-
лады, алыстары – белгісіз. 
Жетекшінің сӛзі – шешуші. 
Демократиялық стиль 
Нҧсқаулар ҧсыныс тҥрінде.
Қҧрғақ сӛз емес, жолдастық ҥн.
Мақтау мен сӛгу – кеңеспен.
Әмірлер мен тиымдар – пікірталас-
пен.
Лидер позициясы – топ ішінде. 
Шаралар алдын ала емес, топ ішінде 
жоспарланады.
Ҧсыныстардың іске асуына бәрі 
жауап береді.
Жҧмыстың барлық бӛлімдері тек 
қана ҧсынылмай, талқыланады. 
Бетімен жіберу стилі 
Ҥн – конвенционалды.
Мақстау мен сӛгудің болмауы.
Ешқандай ынтымақтастық жоқ.
Лидер позициясы – елеусіз, топ 
жағында. 
Топтағы істер ӛздігінен жҥреді. 
Лидер нҧсқаулар бермейді. 
Жҧмыстың бӛлімдері жеке мҥдде-
лерге қаланады немесе жаңа лидер 
тарапынан беріледі. 
Зерттеушілер 
стильдің 
инструменталды, 
компенсаторлық, 
жҥйеқҧраушы және интегративті сияқты әртҥрлі функцияларын (Е.А. 
Климов, В.С. Мерлин және т.б.) және оның қҧрылымдық ҧйымдасуын 
анықтайды. Іс – әрекеттің даралық стилінің, Е.А. Климов бойынша, 
белгілі бір қҧрылымы бар, оның ҧйытқысына даралық-психологиялық 


265 
ерекшеліктер кіреді, олар іс-әрекеттің табысты болуына не ықпалын 
тигізеді, не кері әсер етеді.
Мінез-қҧлықтың жалпы стильдерін анықтай отырып зерттеушілер, 
адамдар қысылшаң, қақтығыстық жағдайларда мінез-қҧлықтың онға 
жуық даралық стильдерін айқындайтынын атап ӛтеді, олар
қақтығыстық, 
конфронтациялық, 
келеңсіздікті 
жуып-шаюшы,
ынтымақтастық, ымыраға келушілік, кӛнгіш, қашқақтау стилі, басу, 
бәсекелестік және қорғаныс стилі (Г.Б. Морозова). Маңыздысы, мінез-
қҧлықтың бҧл стильдері іс-әрекеттің кез-келген даралық стильдерімен 
қатарласып жҥреді және ол оның аясын қҧрай отырып, сәйкес 
эмоционалдық реңк береді. Олар педагогикалық іс-әрекеттің
педагогикалық қарым-қатынастың жалпы эмоционалдық аясын да 
анықтайды.
Қорыта келе, мінез-қҧлыққа, іс-әрекетке, қарым-қатынасқа 
қатысты неғҧрлым ортағы К. Левин ҧсынған стильдер (оның формалды 
және мазмҧнды жақтарының 
жиынтығында) болып табылады. 
Стильдің 
саралап жіктелінуі адамдардың ӛзара әрекеттесу сипатының 
ӛзгешелігімен және олардың даралық-психологиялық ерекшеліктерімен, 
мысалы, мінез акцентуациясымен байланыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет