ІІ. Жүре пайда болған соқырлық. Бұл мектепке дейін немесе одан кейінгі
кезеңде көз жанарын жоғалтқандар. Көру анализаторының зақымдану
тереңдігі өзіндік белгілерімен барлық сенсорлық жүйе
дамуында өз әсерін тигізеді. Яғни, қоршаған ортаны тану жолын
анықтайды. Көру кемістігінен басқа да қосымша кемістіктер жиі
қабаттасады. Бұл балалардың көбінде орталық
жүйке жұмысының бұзылуы кездеседі. 77,6 % балаларда тіл бұзылуы,
БЦСА, ПДТ, есуастық дәрежесіндегі олигофрения, энцефалопатия, невроз
тәріздес күйлер, гидроцефалия т.б. екінші кемістіктер болады.
Орталық жүйке жүйесінің бұзылуы мен көру қабілеті арасында тығыз
байланыс бар. Ол ми жұмысының жалпы бұзылуымен байланысты болады.
Соқырлық пен ауыр көру кемістіктері танымдық әрекеттің барлық түрлерінде
де ауытқулар туғызады. Баланың сыртқы ортадан алатын ақпарат көлемі
азаяды, сапасы өзгереді.
1.Айналадағы болып жатқан оқиғалардан мүлде бас тарту, араласпау.
2. Белсенді бөлектену.
3.Аутистік қызығушылықтар мен әуестенулер.
4.Басқа адамдармен қарым-қатынас жасау қиындығы.
Достарыңызбен бөлісу: