Идиотия (мәңгүрт, нақұрыс) – (латын тілінен „idiotea” – тұрпайылық) –
олигофренияның ең ауыр дәрежесі, оның да ауыр және жеңілдеу түрлері
болады. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-дан төмен. Идиотия
дәрежесіндегі ересектердің психикалық дамуы 3 жасқа жетпеген баланың
деңгейінде қалады, олар қорғансыз, көрсетілген көмекті
қабылдай алмайды және үнемі бақылау мен күтімді қажет етеді. Идиотия
дәрежесіндегі кемақылдар қоршаған ортаға, айналасына көңіл аудармайды,
олар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен ажырата алмайды. Олар бәрін
ауызға апарады және қандай болмасын қолына түскен затты шайнай
бастайды.Идиотия дәрежесіндегі балалар жоғары, биік
немесе аласа, төмен туралы түсініктері, қауіпті сезінбейді, сондықтан әр
уақытта жарақаттанып жүреді.
Идиотияның ауыр түрінде сөйлеу қызметі қалыптаспайды, буынға бөлінген
дыбыстармен шектеледі. Аурулар өздерін күте алмайды, өз әрекетінше киіне
алмайды, кесе, қасық, шанышқыны пайдалануды білмейді, кейбіреулері
шайнай да алмайды, сондықтан оларды сұйық тамақпен тамақтандыру керек
болады. Кейбіреулері салақ, сұрануды және дәретха-
наны пайдалануды білмейді, бірақ осы жағдайсыздыққа қарамастан суланған
және ластанған киімдерінде ұзақ уақыт қала береді. Білім алуға талпынысы
мүлдем жоқ, оларға ең қарапайым ақыл-ой операциялары да түсініксіз. Есте
сақтауы дамымаған және өте әлсіз. Кейбіреулері өз туғандарын, шешесін де
танымайды. Олардың сезінуі қарапайым және қанағаттануын немесе
қанағаттанбауын ашумен, айқайлармен және қозғалу – қимылмен білдіреді.
Бұған қоса, оларда ақауды, жарақаттануды ауырсыну сезімі төмен,
сондықтан олар ешқандай ауруға мән бермейді. Психиканың күрделі
зақымдануы физикалық дамукемістіктерімен әруақытта қосарлана білінеді.
Идиотия дәрежесіндегі балаларды үйде бағып-қағу өте қиын және оларды
негізінен психохрониктерге арналған арнайы емдеу мекемелеріне
орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: