Қалыптастырушы бағалау үдерісі



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата02.12.2023
өлшемі16,78 Mb.
#131833
1   2   3
Байланысты:
Қалыптастырушы бағалау үдерісі

Қалыптастырушы
бағалау әдістері


Дыбыстау
әдісі
Фильмнен өткен тақырыпқа
байланысты немесе
оқушылардың деңгейіне сәйкес
келетін үзіндіні дыбыссыз
көрсетіп, оқушылардың рөлге
еніп, дыбыстауын тапсыруға
болады. Алдымен үзіндіні
дыбысымен көрсетсе де болады.
Дайындалуға оқушыларға
жеткілікті уақыт беру қажет.


Серпілген
сауал 
әдісі
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға
және талқылау дағдыларын дамытуға
қол жеткізу үшін сыныптағы
оқушылардың арасында бірінен-біріне
сұрақтарды «лақтыру»: мысалы, «Асан,
Айнаның пікіріне қосыласын ба?»,
«Айна, Асанның жауабын тағы қалай
толықтыруға болады?», «Асан, айтылған
пікірлерді бір сөзбен қалай
тұжырымдауға болады?»


«Сұрақты
қағып ал»
Мұғалім сұрақ қойған кезде оқушыларға
бұршақ салынған қапшықты лақтырады. Бұл
сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді
және оқушыларды өз еркімен жауап беруге
итермелейді. Оқушы жауапты білмеген
жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына
мүмкіндік беріледі. Сұрақтардың қиындығына
қарай оның басиапқы салмағын белгілеуге
(ұпай арқылы) болады. Мысалы, қағып алған
оқушы жауабын білмей, қапшықты басқа
оқушыға лақтырса, сұрақтың құны 1 ұпайға
кемиді. Бұл тапсырманы шағын топтардың
арасында да қолдануға болады; мұнда мұғалім
қапшықты кезекпен топтарға лақтырады.


Элективті тест
Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е
арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк,
қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты
қойғаннан кейін 20 секунд кідіріп, сыныптан тест
жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-
өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін
дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру
арқылы талқылайды. 


Қорытынды
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады,
оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін
көрсетеді, оқудағы қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу
мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен
мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан
оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. 


Назарларыңызға
рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет