ОсөЖ №5. Тақырып: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық азаттық күресі


Сұлтандар Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы бастаған Сібір



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата02.12.2023
өлшемі247,9 Kb.
#131919
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сроп 9

Сұлтандар Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы бастаған Сібір 
ведомствосы қазақтары жеріндегі қозғалыс.
Орта жүзде хандық жүйенің 
жойылуы және Қарқаралы (1824 жылы), мен Көкшетау (1824 жылы) 
округтерінің ашылуы және т.б. әскери
-
әкімшілік шараларға қарсы күресті 
Абылай ұрпақтары бастады. Оның басында тұрған Қасым сұлтан Абылайұлы
және оның баласы Саржан Қасымұлы патшалық тәртіпке карсы табанды 
күрес жүргізді. Саржан өзінің інісі Есенгелдімен ауылдарды аралап, өкіметке 
қарсы күресуге үндеу тастады. Ұлғайған халық наразылығын басуға Батыс 
Сібір генерал
-
губернаторы П.М.Капцевич жазалау қосынын жасақтады. 
Карбышев бастаған 200 қазақ жасағы Қарқаралы округінің Қарпық болысына 
жіберілді. 1825—1826 жылдар жазалаушы күштер мен көтерілісшілер 
арасындағы қақтығыстармен өтті. Саржанның қол астына Көкшетау округінен 
Шыңғысұлы Сартай сұлтан бастаған топтар келіп қосылды. Саржанның қол 
астында сұлтан Абылай Ғаббасұлы, жас сұлтан Кенесары Қасымұлы да өз 
сарбаздарымен соғыс қимылдарын жүргізді. Патша әкімшілігі болса өз 
тарапынан бүлікшіл сұлтандардың іс
-
әрекетін бақылай отырып, мүмкін 
болған жағдайда қолға түсіріп, әскери соттың құзырына беру керек деп 
шешті.Үкімет көтерілісшілерді жазалау үшін олардың ізіне түсетін ірі қазақ 
жасақтарын қырға шығаруды кейінге қалдырды. 1827—1830 жылдары 
көтеріліс Ұлытау өңіріне тарады да, жаңа құрылған округ аумағын наразы 
топтар тастап шықты. Саржан бастаған көтерілісшілер өз кезегінде отаршыл 
әкімшілікті қолдаған сұлтандармен күресе жүріп, орыс керуендеріне алым
-
салық төлетіп, разьезд бен бекеттерге шабуыл жасады. Саржан сұлтан және 
оның жақтастары Қоқан хандығымен байланыс орнатады. Солтүстіктен келе 
жатқан қауіпке бірігіп күресуге бел шешіп кіріседі. Алайда қырға шыққан 
патшалық жасақтардың қимылы да қарқынды бола түсті. Патша әскерлерінің 
қысымымен Саржан Орта жүзді тастап шығып, Ұлы жүз иеліктеріне келеді, 
осы жақтағы шашыраңқы қазақ күштерін өз жағына тартуды көздейді. 


Саржанның бұл әрекеті Қоқан билеушісін алаңдатпай коймады.1836 жылы 
жазда Ташкентте Саржан сұлтан және оның інілері Ержан, Есенгелділер 
опасыздықпен өлтірілді.Саржан көтерілісінің саяси мазмұны бұған дейінгі 
көтерілістерге қарағанда тереңірек болды. Ол Абылай хан ұрпағы ретінде 
Қазақ
хандығын қайта қалпына келтіруді мақсат тұтты. Саржан Қасымұлы 
өлімінен кейін де патша отаршылдығына қарсы күресті Саржанның кіші інісі 
Кенесары одан әрі жалғастырып әкетті. Саржан бастаған Орта жүздегі 
көтеріліс алдағы келе жатқан жалпыұлттық азаттық қозғалыстың ұшқыны еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет