Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
157
Zhansugurov's works are studied, and the linguistic analysis of the methods of word design and
phenomena is carried out.
Key words: lexical and phraseological system, grammatical Nature, Methods of artistic
expression.
Ілияс Жансүгірұлының сөз өрнегі бағытында бірнеше жылдан бері мақсатты
зерттеулер жүргізіп отырған, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Ілиястану»
ғылыми-практикалық Орталығының
аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының
кандидаты, профессор Қарлығаш Базарбекқызы Сарбасованың «Ілияс Жансүгіров
шығармаларының тілі» атты [1] монографиялық еңбегі қазіргі Ілиястанудың жаңа
зерттеулер бағытындағы қаламгердің тілдік тұлғасын теориялық, практикалық негізде
зерттеу, оқыту үдерісіне қажетті, сұранысқа ие болып отырған өзекті ғылыми ұстанымдар
негізінде жазылған.
Монографияда І.Жансүгіров шығармаларының лексика-фразеологиялық жүйесі;
грамматикалық сипаты, сөз көркемдеу, құбылту тәсілдері
жеке тарауларда арнайы
қамтылып қисындалған.
«Поэзиядағы көркемдік – тіл деген құбылыстың (құралдың) адам баласының
өміріндегі құдіреттілігін, күшін көрсететіні белгілі. Демек, осы белгі қандай тәсілдермен,
тілдің қандай заңдылықтарымен жүзеге асады, қай ақын қалайша жүзеге асырады деген
сұрақтар алдымыздан шығады», - дейді академик Рабиға Сыздық Абай тілін зерттеу
еңбегіндегі сөз басында [2, 3].
Қазақ тілінің кенжелеу дамыған саласының бірі – лингвистикалық стилистика
бағытындағы қазіргі кезеңде біршама молыға түскен зерттеулер
шоғырына жаңа бір
лайықты еңбек қосылды.
Көркем шығарма тілін айнымалы құбылыстар аспектісінде зерделеуге тіл
заңдылықтарын, тіл нормасын ғылыми негізде терең игерген білікті маманның ғана
тәуекелі
жетпек.
І.Жансүгірұлы
шығармаларын
тілдік
негізде
саралауында
лингвистиканың зерттеу тәсілдеріне сүйене отырып Қарлығаш Сарбасова тілдік тұлғаны
тануда елеулі сөздік қор түзіп, сонымен жұмыс жүргізіп, нақтылы ғылыми нәтижелерге
қол жеткізе алған.
Ілияс шығармаларындағы көнерген сөздер, кірме сөздер, диалектизмдер, т.б.
лексикалық
қабаттар, нақты сөз, сөз тіркесі тұрғысында аталып көрсетіліп, жалпы
сипаттама беріледі.
Екіншіден, осы сөз, тіркес қорының белгілі бір кездегі қазақ өміріндегі қызмет аясы
талданады.
Үшіншден, сөздің 1)тура, 2)ауыспалы, 3)символикалық (тұспал) мағыналарына
түсінік берілуі.
Қ.Сарбасованың Ілияс Жансүгіров шығармашылығын
тілдік тұрғыдан саралаған
еңбегі қазақ әдебиеттануы мен тіл ғылымындағы Қ.Жұмалиев, Р.Сыздықтың Абай тілі сөз
өрнегін талдау өнегесімен,
Қ.Өмірәлиев, Ғ.Әнестің Махамбет поэзиясы тілін,
Б.Момынова, А.Салқынбайдың Шәкәрімнің тілдік тұлғасы бағытындағы зерттеулерімен
өзектес, салаластығы тұрғысында, қазіргі көкейкесті тілтаным мәселелеріне
бағытталғандығымен назар аударады.
«Абайдың сөз өрнегі» монографиясында (1995 ж.).
Абай тіліне әр жылдарда зер
салған әдебиеттанушы, тілші ғалымдардың еңбектерін атай отырып Р.Сыздық мәселенің
тіл білімі тұрғысында арнайы зерттелмегендігін, бұл мәнде елеулі өзектілік бар екендігін
ескертіп өтеді.
«Сірә да, лингвистикалық поэтика бойынша зерттеулер тіл мамандары тарапынан
жүргізілетін ізденістер болмаққа керек. Ал қазақ лингвистері,
тегі идиостиль, идиолект
(суреткердің өзіне тән стилі, қолтаңбасы) деген мәселелерге көп жуымай келеді.