«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 155
«Ілияс Жансүгіров шығармашылығының зерттелуі» тарауында автор ілиястану
тарихын қазіргі кезеңнің азат танымымен қайта қарау қажеттілігі бағытында еңбектенген.
«Ілияс шығармаларының дені тоталитарлық жүйе қыспағында социалистік
идеология талабына сай жазылғандықтан, олардың ұлттық мәні мен мазмұны шынайы
поэтикалық бояуы, философиялық астары өз дәрежесінде зерттелген жоқ. Ілиястың
шығармашылық шеберханасының жұмбақ жақтары да көп. Бұл Ілияс шығармашылығы
мәселесінің түбегейлі шешілмегендігін білдіреді [3, 52].
Шара Кыяхметова Ілияс Жансүгіровтің ҚР мемлекеттік Орталық мұрағатының
қолжазбалар қорындағы 15-ке жуық қалың бумалардың осыдан ширек ғасыр бұрын
ілиястанушы М.Имангазинов айтқан дерегіне назар аударып, мәселенің әлі де күн
тәртібінде қалып отырғандығын ескертеді.
Ақынның қызы Ильфаның айтқанындай, кеңестік замандағы зерттеу еңбектерді
жаңғырту, дамыту бағытында Шара Кыяхметова І. Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университетінің «Ілиястану» ғылыми-тәжірибелік Орталығының ғылыми
қызметкерлерімен бірге соңғы 10 жыл көлемінде атап айтарлықтай жұмыстар атқарды.
Аталған монография – сол ұзақ жылғы ізденіс, толғаныстардың, тынымсыз
еңбектенудің жемісі.
Ілияс мұрасының зерттелу тарихы келешек зерттеу міндеттерімен жүйелі
сабақтастықта сараланып, ғалым осы мәселеде нақтылы байлам, тоқтамдар жасайды.
Зерттеу еңбектегі көркемдік ұстанымдар талқыға түскен XX ғасыр басындағы
әдеби айтыстар бағытындағы мол дерек, білікті саралаулар назар аударады. Ұзақ жылдар
бойы ғылыми айналымға тартылмаған XX ғасырдың 20 жылдарындағы қызу талқылар
Ілияс шығармашылығын да шарпымай өткен жоқ. Сәбит Мұқанов пен Ілияс
Жансүгіровтің «Сағанақ» жинағына қатысты «қаттылау» кеткен жағдайы қазірде қайта бір
қарауды қажет ететін, көптеген саяси ұстанымдар қалыбынан шыға алмай қалған әдеби
«кикілжіңдер» туралы ойлантады.
Тарауда Ілияс шығармашылығына қатысты сын, пікір, зерттеу еңбектер
хронологиялық бірізділікпен түгенделіп, ілиястанудағы негізгі тоқтамдар келешек зерттеу
міндеттерімен сабақтастықта бағаланып, саралануы – қазіргі ілиястанудың озық, оң
нәтижелерінің бірі мәнінде бағалы.
«Қолбала» поэмасына арналған тарау Ілияс ақынның қазақ әдебиетіндегі эпикалық
дәстүр байыту өнегесі тұрғысында да тың деректермен қанықтырады. Зерттеуші Шара
Кыяхметова кейіннен табылған, мұрағатта қолжазбасы сақталмаған «Қолбала» поэмасын
жалпы жұртшылыққа таныстыру, шығармашылық зертхана тұрғысында байыптауда
өзіндік пайымын айтып, нақтылы насихаттау шараларын да атқарады. «Мұрағатта
поэманың қолжазбасы болмағандықтан поэмаға қатысты деректер шығып қалар деген
оймен іздестіру жұмысын жүргіздік. Нәтижесі төмендегідей болды:» дей келіп, зертеуші
бірнеше дерекке тоқталады.
Бір дерек – Ілияс ақын мұрасын зерттеуші Серік
Жанәбіловтің «Ол ертең атылады» «Жұлдыз журналы, №9, 1994) деректі хикаясында
Ілиястың Қолбала ақын туралы айтқаны.
Екінші дерек – Т.Мұзбаев «Қамқор еді» атты
естелігінде («Октябрь туы» газеті, 24 мамыр, 1974 жыл) «Қолбала» поэмасы ертеректе
жаттағандарын айтқан.
Үшінші дерек – Ілиястың туысқаны
замандасы Құсайын
Шөкеновтің «Біздің Ілияс» естелік кітабындағы («Жазушы» баспасы, 1974ж.) өмірде
болған, аты аталған адамдардың арасында поэмадағы кісі есімдері бар.
Төртінші дерек –
Ғали Ормановтың «Қолбала» поэмасының шығу тарихына қатысты айтқаны (Ф. Ғабитова.
Өртеңде өлген гүл. Алматы: Атамұра, 1998ж. 270 бет). Монография авторының осы
туындыға қатысты болжамы қисынды көрінді. «Бұл деректерден шығатын қорытынды:
поэма 1920 жылға жейін жазылған. Естіген, көрген білгендерін хатқа түсіре беретін
ақынның қасиеті елге мәлім. Неге ақын бұл дастанын кезінде жарияламады? Басты себеп –
дастанды тұңғыш жазғандықтан қалай болады деп тосырқауы да, немесе «қайта қарап,
пісіріп барып ұсынамын» деген асықпауы да емес. Басты себеп – әпербақан заманнан