«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 164
Шығармадағы жалпыазаматтық өреде орныққан ұлттық кісілік мінез болмысына енді
біртүрлі жүрек суырған сағынышпен қарап оқимыз. Сонау бір жылдардағы көрмегені
қалмаса да кенеуі кетпеген ұлттық кісілік тұғырлар біртіндеп шебін бұзып, шегіншектеп
барады.
Әрдайым биігінде жүрекке орныққан, әр шығармада да кісілік ұстанымы белгілі бір
оңтайлы тұстарды ой астарында, мазмұн арқауында нышан беріп отыратын қария
адамның - орталық кейіпкерлердің, қала берді - түптұлғаның туған атасының өмір
дағдысы, адамшылық ұстанымы - біздің сол ендігі жолығып, құрып бітуге тақаған
құндылықтарымызбен біртұтас құбылыс.
Ауыл аймағы айнала жұрты тура мінез, кең жүрегі, қажетінде қате басқанды
ығыстырып отыратын қажыры, тағы да басқа айтып тауыса алмайтын етене қырлары
тұлғалық бүтін бітім түзген мінез артықшылықтары үшін тыңдайды, сыйлайды, санасады.
Қазақы өмір дағдысында кәдімгі көркем шығармаларда тұтастандырылған типтік бейне
сынды расымен де көпке тән озық сипаттар бір бойында тоғысқан шын адамдар
жасағандығының куәсі сынды мызғымайтын өмірлік тұрғыда сомдаған тұлға.
Бұл тұлға әлем әдебиетіндегі мығым ұстанымдары мен жасампаздық өнегесі озық
не бір әйгілі тұтқа-тұлғалармен иық теңестіреді.
Жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлы елжіреп, егіліп тәптіштеуге де, ой тізгінін шылбырдай
шұбатылтып сүйретіп созбалақтай беруге де бой алдырмай, аз ғана көрініс, там-тұм
тілдестіруге таусылмайтын өмір тауқыметін де, жарқ еткен үмітті әсерлер толқынын да,
жан түпкіріне бас сауғалаған жұмбақ сыр, жабық ниеттерді де ұлы мәтінге тым оңтайлы
сіңістіріп жібереді.
Жалғыз баладан қалған өмір сәулесі – ендігі ұрпақ – немере –қария тіршілігіндегі
Алладан кейінгі айрықша мән. Осы бір адамның кемпірі екеуінің келінін аялап, бағалауы
– әлемдік деңгейдегі үздік туындыларға арқау болуға әбден татитын адамсүйгіштік аңсар
ақиқаты.
Келіні кейін тұрмысқа шығып кетіп, басқа адамнан балалы болғанында Мөңке
шалдың «Бірім екеу болды», - деп қуануын ендігі заман адамы бәлкім ұғынбауы да
мүмкін.
Сонау бір соғыстан кейінгі уақыттың ел тағдырындағы тағы бір өшпес таңбасын
ендігінің өзімшіл адамы жай жеңілтектік фактісі деп қана қабылдауы да мүмкін.
Көлденең жұрт не деп жатса да «Жолдан тайған» келінге шаң жуытпай, араша
тұрып ғұмыр кешкен Бәтжан әже бейнесі де Бексұлтан Нұржеке-ұлы шығармаларына
ұдайы тұлғалық биігінде араласып жүреді. Былайша алай, бұлайы болғанымен, небір
кесімді, шешуші, шатқаяқ тұстарда қасынан табылатын ағайын-туыс – қазақы жекжаттық
институт – рулық-туысқандық тұғыр да жазушы шығармаларындағы ел тұтастығын
мызғытпай келе жатқан тарихи категория мәнінде тұлғаланған. Шығармадағы
шынайылық Бексұлтан Нұржеке-ұлының «Бір өкініш, бір үміт» романындағы оқиға өрісі
негізінен бір адамның – орталық тұлғаның өмір ордасына шоғырланған. Айнала дүниенің
сұлбасы осы орталық тұлғалық дүниетаным кеңістігінде жоталанып, кейінірек – автор
одағында танылып, бағалануында қиынды қиюластырудың «оңай» жолын тапқан жазушы
шеберлігі бас көтереді.
Бексұлтан Нұржекеұлы кезең, уақыт сипатын шынайылық арқауларда ашуға жеке
адам мінездеріне салмақ салуға басымдық беріп отырады. Орталық кейіпкердің өмір
ортасында жүрген жақын –жуықтары ойламаған жерде кездейсоқ жолыға кететін
әлдекімдердің әл-ахуалы, жеке бас әрекеттері әрқилы қалыптағы мінез танытып, характер
көрсетеді.
Әлемдік романшылдықта көр-жеріне шейін ақтарылып, төңкеріліп татымды,
татымсыздығы түгесіле қарастырылғандай сұлбалы туындылар, таңбалы, тағдырлы
артықшылық, кемшіліктер айтылып жатады. Адам – Ақша – Ар текетіресінің бітіспейтін
дай-дай берекесіздігі айыпталған арқаулы желілер, жалпыадамзаттық деңгейдегі жүрек
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции