«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция материалдары 168
Бала кезден жақсыға жалтақтап, жария салмасам да қадірін біліп, іштей қуанып
жүретін дағдыммен реті келсе елдің бәріне айтып бергім, дәріптегім келіп тұратын әдет
таптым. Мені енді Бексұлтан Нұржеке-ұлының ел адамын, ет жақынын қазақы қалыпта
қабылдау, тану, сүю жаратылысындағы кісілік бітім қатты толқытты. «Бір өкініш, бір
үміттегі» Бүбіш, «Бір ғана махаббаттағы сезім симфониялары жас күнгі жүректе жылы
әсерімен қалған.
Жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлы қазіргі кітап оқылмайтын заманда да көп оқылады.
Туындыларындағы
тұғырлы
құбылыстар,
қаламгерлік
дара
әлпеті,
ешкімді
қайталамайтын, ешбір әдеби ағым мектептердің тезіне салынбаған еркін, өнімді, өтімді
жазуындағы маңызды қазақы сөзшеңдік пен аңғарымпаз сергектік тартып отырады.
Бексұлтан Нұржеке-ұлының шығармалар жинағаның 15-томы «Ақжазықтың
адамдары» аталады. Осы кітап туралы сөз арқылы жалпы шығармашылығына тиесілі
қадау-қадау дара сипаттарды қамтып айтуға да болатын сияқты.
Бексұлтан Нұржеке-ұлының өмірлік негізден жазылған әңгіме, баяндарындағы ел-
жұрт осы жинақта да ескі танысыңдай толқытып, қуантып, қобалжытып, көңіліңді
көншітіп тағы да алдыңнан шығады. Шығармашылық зертхана бойынша зерттеу жүргізем
деушілерге дайын тұрған дерек пен дәйек деуге де болады. Жазу өнеріне қазаққа іші
бұрып, туған өлкесі Жаркентін, содан Жетісуды, содан тұтас Қазақстанды перзенттік
жүрекпен егіліп, езіліп жақсы көрудің не екенін жария етіп ықылас төккен қаламгердің
Ақжазығы, Әулиеағашы, Қоңырөлеңі, Көкталы әдеби мұрадағы жеті жұрт кетіп, жеті жұрт
қонған Еділ мен Жайық, Кене хан шері қалған Қарқаралы-Қазылық, Тәңіртау мен Қаратау,
Шыңғыстау, Оралтау, Баянаула, жер шоқтығы Көкшетау, киелі Қазығұрт, Ойыл мен Жем,
Мыңбұлақ пен Қарасаз, Ойжайлау мен Қарқара сынды мың-сан нысаналы, атаулы
тұлғаның қатарын толтырды.
Бексұлтан Нұржеке-ұлы қазақтың жанындағы алабөтен мейірім кеңдігін жырлап
келеді. Жеті ата, рулық, ағайындық институттардың ендігі заманда да жасап отыру салтын
әдеби шығармаға «әдейілеп» кіргізіп отыратыны бар.
Тарих көшінде жөңкіліп келмеске қарай кетіп бара жатқан құндылықтарға сақ қарайды.
Қанда бар қазақы текті кәдімгі ертегінің сауыт киген Ер батырларынша, бес қарауыл
сайлап майданға түскен жауынгерше қорғаудан бір сәт те тайсақтамайды. Қайта жыл
өткен сайын қаһарына мініп, қатуланып, күшейе түседі. Оқушысынан, жұртынан сыр
жасырмайды. Жанын жаппай жазады. Бұл мінез кітап таңдап оқитын ендігі сирек
оқырманға майдай жағады. Жақсы кітап оқып шыққаныңда жаңа бір өмір сүріп өткендей
жарылқанып қалатын оқушы Бексұлтан Нұржеке-ұлының шығармаларында тағдырлы,
таңбалы тұғыр – Ауылдың қазақ сөз өнерінде көшпелі дәуірдегі, өтпелі дәуірдегі, өткен
дәуірдегі өмірі қапысыз жазылған Ауылдың, Алтайдағы ақ боран бүркеген Ауылдың, туу
батыстағы шыңыраудан су ішкен Ауылдың, оңтүстіктің аптап ыстығында шөлдесе де шөл
емес, көл болып отыратын Ауылдың, Хан тәңіріне қарап отыратын Ауылдың, Бетпақтың
төсінде мал жайған Ауылдың, ақ пен қызылдың ойранында опық жеген Ауылдың, қазақ
жерінің киесіне бас иген неміс баласы өскен қиыр солтүстіктегі Ауылдың, жетім-жесір
жабайы алмасын жеген Ауылдың, науқаншыл белсендісі шыға келіп «саясилана» қалған
Ауылдың, Қожанасыр әпендісі көп Ауылдың, қазақ кісілігін, ғұрпын, қазақ дәмін сақтаған
Ауылдың, ақ боз үйлі ар аттамаған Ауылдың, бары да, жоғы да ортақ қауымшыл,
қарындасшыл, береке базары тарқамаған Ауылдың, қазақтың сарқылмайтын,
таусылмайтын сағынышы – жаһандану «жасампаздығында» сағымға айналып бара жатқан
Ауылдың, елге құт, дарқан болмысының тәрбие бесігі, ниет-пейілінде иман тұнған
Ауылдың, әлем әдебиетінде баламасы жоқ, болуы мүмкін де емес «уникум» Ауылдың
тарихи тұлғасы өзгеше шалқар кеңдікте тұғырланды.
15-томдағы «Маштан» атты эссе, осындағы жарық сәуле, өмір шуағы, қазақ жеріне
жетпесе де әр шаңырақта таңбасы қалған, екінің бірінің белін бүгіп, бағын байлап,
шаңырағын шайқап кеткен ойран соғыс...
Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции