«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»


«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»



Pdf көрінісі
бет225/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
209 
шоқпарлар соғыста ғана емес, күнделікті тұрмыста да малшының қаруы ретінде 
қолданыста болған. 
Садақ — лесика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөз.жебе атуға арналған қол 
қаруы. Алыс қашықтықтан ұрыс жүргізуге арналған. Садақты тас дәуірінен 20 ғасырға 
дейін дүние жүзінің барлық халықтары пайдаланған. Ерте кезде аң аулауда, кейін соғыс 
ісінде қолданылған. Қарапайым садақты тобылғы, үйеңкі, т.б. ағаш шыбықтарынан 
доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасайды [2]. Күрделі садақтың сыртқы бетіне сіңір 
тартылып, ішкі жағы мүйізбен қапталады, кейде ортасы мен екі шетіне сүйек бастырма 
қағылады (қ. Құрама садақ). Күрделі садақты ежелгі Шығыста, оның ішінде сақтар, 
кейінірек ғүндар мен Орталық Азия халықтары көп қолданған. Қазақ садағы көшпелілер 
садағының жетілдірілген жалғасы болып саналады. Ауыз әдебиетінде садақтардың 
қолданылған материалдарына қарай “қайың садақ”, “қарағай садақ”, “үйеңкі садақ” деген 
атаулары кездеседі. Қайыңның қабығымен қапталған, сарғайған түсіне байланысты 
“сарыжа”, “сарсадақ” деген атаулары да бар. 
Кездік – мүйізбен сапталған жетелі пышақ. Кездік былғарыдан, қайыстан немесе 
көннен жасалған қын ішінде сақталып, кісе белдікке тағылады. Кездігі белінде жүрген ер 
азамат айбатты, сұсты көрінген. Сонымен бірге оның сән-салтанаты артып, мәртебесі 
биіктей түседі. Бұрынғы кезеңде жауынгерлер, аңшылар мен малшылар ұстаған. 
Ертеректе әр адамда өзі ғана қолданатын кездік болған. Кез келген ұл бала ат жалын 
тартып мініп, ер жеткен кезде әкесі оған кездік жасатып, сыйға тартқан. Ер жігіт құралды 
өмірінде қолданбаса да, халық кездік таққан жігітке құрметпен қараған. 
Қалқан – синтетикалық тәстәсілмен жасалған сөз. Лесикалық мағыныла сөз болып 
табылады. Негіз түбірі-Қал. Қалқан сөзінің шығу төркіні-қорғану, қалқалану деген 
мағынаны білдіреді. Қалқан – қолға ұстап қолданылатын қорғаныс жарағы. Атына сәйкес 
денені оқтан, қарудан қалқалау арқылы қорғайды. Көшпелілердің калқандары ат үстінде 
шайкасуға қолайлы болу үшін шағын, жеңіл етіп жасалған. Қалқанға әр түрлі 
материалдар: тал шыбықтарын, ағаш тақталары, тері, металл қолданылуы мүмкін. Ішкі 
жағына екі қайысбау орнатылады. Оның бірін білекке іліп, екіншісін қолға ұстайды. 
Қалқанды шыбықтан жасағанда тал немесе басқа да шыбықтардан дөңгелене 
өріледі де, шыбықтар жіппен оралады. Бұл шыбықтар тері немесе мата астарға жіппен, 
шегемен бекітіледі. 
2) Ш.Құрманбайұлы терминдер тілдің сөзжасам заңдылықтары бойынша жасалуын 
терминнің белгісі ретінде айтқан. Бұл тұрғыда қазақ тілінің әскери терминдері бұл талапқа 
сай жасалған деп айтуға болады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет