«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 85
технологиялардың бірқатары тіл үйретуде коммуникативтік құзіреттілік пен қоса
прагматикалық құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталып жасалуда. Жаһандану
заманындағы тіл үйрету процесінің күрт өзгеруіне байланысты түрлі ақпараттық
технологиялар бұл процесті барынша тиімді әрі оңай ету үшін қолданылып жатыр.
Оқушылар түрлі интернет ресурстары мен мобильді қосымшалардың көмегімен өз
беттерінше тіл үйренуге мүмкіндік алған. Мұндай ақпараттық технологиялар оқушыларға
интерактивті оқыту бағдарламаларын ұсына отырып, шынайы ақпарат көздерімен
қамтамасыз етеді. Мәселен, қазақ тілін үйрететін арнайы вебсайттарда қазақ тілін түрлі
деңгейлерге бөліп, әр деңгейге сай төрт тілдік дағдының тапсырмалары, оқу
материалдары және ақпараттар қамтылған. Мұндағы оқу материалдарының ішінде екі
немесе бірнеше адамдардың тілдік қарым-қатынасын көрсететін видео және
аудиожазбалар да бар. Осы секілді ақпарат көздерімен жұмыс жасау арқылы оқушылар
шынайы прагматикалық құзіреттіліктің практикалық қолданысымен таныса отырып, оны
өз бетінше қолдануға тырысады [5]. Жалпы, прагматикалық құзіреттілікті оқыту
бағдарламарына заманауи ақпараттық технологиялардың да кіріктірілуі бұл үдерістің
болашағының зор екендігіне сендіреді.
Прагматикалық құзіреттілікті қалыптастырудың жолдарын қарастыра келе,
болашақта бұл дағдыны қалыптастырудың маңыздылығы жоғалмас үшін мұғалімдер не
істеуі қажет деген сауалға жауап беруге болады. Аталған дағдыны оқушылардың бойында
қалыптастыру үшін мұғалімнің келесідей білімі болуы қажет:
Пәндік білім: Түрлі прагматикалық өзгерістерді білу; Қазақ тіліндегі
прагматикалық нормалардың ауқымын білу.
Педагогикалық-мазмұндық білім: Оқушыларға прагматикалық құзіреттілікті оқыта
алу; Оқушылардың прагматикалық құзіреттілігін бағалай алу.
Оқушылардың білімі мен оқу бағдарламасының контекстіне қатысты
білім:Оқушылардың жеке және мәдени ерекшеліктерін білу; Прагматикаға бағытталған
оқу бағдарламасы туралы білім; Оқу процесіндегі прагматиканы оқытудың
маңыздылығын білу.
Қорыта келгенде, бұл мақала прагматикалық құзіреттілікке қатысты жүргізілген
және жүргізіліп жатқан зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, аталған үдерістің
болашағына болжам жасады. Прагматикалық құзіреттілікті оқытуда барынша шынайы
ақпарат көздері мен қарым-қатынас үлгілері қолданылуы қажет деп табылды. Сонымен
қатар, оқушылардың жеке тәжірбиесінде кездескен прагматикалық қателіктердің
мысалдарын қарастыру арқылы да прагматикалық құзіреттілік қалыптастыруға мән берілу
қажет. Қазақстанның ішінде кездесетін түрлі мәдени ерекшеліктер мен әртүрлі қоғамдық
статустарды
ескере
отырып,
прагматикалық
құзіреттілік
қалыптастырудың
маңыздылығын арттыру керек екендігі анықталды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Крамш С. Тіл және мәдениет. Оксфорд: Оксфорд университетінің баспасы, 1998 ж.
2. Хут Т. және Талегани-Никазм С. Әңгімелесу талдауынан алынған түсініктерді
ағылшын тілі прагматикасын оқытуға қалай тікелей қолдануға болады? Тілдерді оқыту
зерттеулері 10, 2006.-№1.- 53–79 бб.
3. Чорайх, Лутфи және Мансур. EFL-дегі прагматикалық құзіреттіліктің
маңыздылығы. Араб Әлемдік Ағылшын Журналы Arab (AWEJ). 2016. -183-195 бб.
4. Такахаши С. Тіларалық прагматикалық құзіреттілікті дамытудағы енгізуді
жақсартудың рөлі. К.Роз және Г.Каспер (ред.), Тілдерді оқытудағы прагматика. Кембридж
университетінің баспасы, 2001.- 171-199 бб.
5. Чжу Л. Прагматиканы оқыту: жаһандық дәуірдегі мәселелер. Тілдерді оқыту
және зерттеу журналы, 2019.-№ 5.-1111-1116 бб. DOI: http://dx.doi.org/10.17507/jltr.1005.26