«филологические науки в образовательном пространстве республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет92/321
Дата02.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#132020
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   321
Байланысты:
кекілбаев шығармалары

Key words: Chief poet, aitys, Sal-seriler, Kokshe land, fundamental aitys, people of true 
art. 
 
Жыраулар дәстүрі мен Абай негізін қалаған жаңа жазба әдебиетінің арасын 
жалғаған, сабақтастырған, рухани алтын көпірі бола білген қазақ ақындарының ішінде 
әдебиет тарихында өз орны бар озат ойлы озық тұлғалардың бірегейі – ақын-
импровизатор, әңгімеші-жыршы, композитор Орынбай Бертағыұлы. Бірқатар жазба 
еңбектердегі мағлұматтар бойынша Орынбай ақынның туып-өскен атамекені Көкшетау 
жеріндегі Айыртау ауданындағы Ақбас көлі мен Сарыөзеннің бойы. Ел аузындағы 
әңгімелер бойынша, жас кезінде атақты Шал ақыннан бата алған, өлең қонған арқалы 
ақын. Шал ақын: «АтығайҚарауылдың ақырғы ақыны» деп бағаласа керек. «Орынбай – 
ақындардың төресі, Шөже – үйі, Арыстанбай – биі» деген қанатты сөз бар.
Орынбай ХІХ ғасырдағы айтыс өнерінің «бас ақыны», «төбе ақыны» атанған. Ол 
Қаракеске Шаншан хан асында отыз ақынмен, Абайділда (Ғұбайдолла) ханның таққа 
отыру салтанатында он ақынмен, Ерден Сандыбайұлы аға сұлтандыққа сайланғанда он 
жеті ақынмен, Орынбордың Кеңшалғын деген жерінде патшаның мұрагерін қарсы алғанда 
он екі ақынмен, Түркістан, Қазан шаһарларында сексендей ғұламахазіреттермен сөз 
майданында ой, өнер жарыстырған. Айтыс өнерінің дүлдүл көгі Орынбай Серәліқожа
Тоғжан, Шөже, Арыстанбай, Қожабек, Өтеулі, Дана сынды сөзі – жаңбыр, әні – ескек, 
даусы – дауыл жүйріктермен айтысқан.
Көкше жері қазақ өнерінде салсерілер дәстүрінің, Арқаның әншілік мектебінің алтын 
бесігі болғаны аян. Атақты Сегіз сері, Нияз сері, Ақан сері, Біржан сал, Шәрке сал, Үкілі 


Материалы Международной научно-практической онлайн-конференции
«ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 
87 
Ыбырай «аспандағы аққуға үнін қосып», қазақ әнін үлкен биікке, классикалық деңгейге 
көтерген өнер тарландары. Осы шоқтығы биік салсерілердің өнерінің шыңдалуына бағыт 
беріп, ұстаздық еткен Шал ақын, Орынбай, Арыстанбайлар болғаны анық. Ал Арқадағы 
осынау ұлы өнердің жолын қуып, оны жоғары өрлеткен әншіақындарға қамқор болып
тіршіліктеріне жағдай жасаған сол кездің далалық өз меценаттары (шүленгері) да 
болғанын айта кетуіміз дұрыс сияқты. Шыңғыс, Айғаным, Ыбырай, Шоң, Шорман, 
Тұрлыбек, Мәмбетәлі, Зілғараның Әлібегі сияқты кезінде ел билеген тұлғалардың қазақ 
өнерінің дамуына ат салысқаны белгілі.
Ақынның Жанақпен айтысына поляк саяхатшысы А.Янушкекичтің естелігінің 
Орынбайға арналған тұсында: «Орынбай домбырасын қағып-қағып жіберіп,дүниенің 
басынан Адам ата мен Хауа анадан түсіп,мына отырған сұлтандарға тағзым еткендей, аты 
шыққан арғы аталардың әр қайсысын бір-бір көтеріп тастады; Содан Нұх кемесіне мініп 
топан судан өтті. Жолшыбай барлық оқиғаларды тіпті, Вавилон Навуходоссорын да, 
Египеттің перғауындарын да қалдырмай сүзіп шықты. Сағат бойы толассыз жырлап, 
Ниагар сарқырамасындай арындап келіп, ақыры аман-сау Мұхаммедтің өзіне де жетті-
ау»,-дей келе оның талантына табынғандығын зор сүйіспеншілікпен жазады. 
Айтыстарының ішінде өзшелеуі Қожабекпен айтысы. Айтыс мазмұны жұмбақ 
айтыс түріне жатады. Мысал келтірсек, Қожабек: 
Бейақыл, он екі ала, сегіз бала, 
Ұяң құс,ілік-ілік жұмыртқа ала. 
Жұмбағым таба алмасаң, ақын бала, 
Сұм бала көп пе саған,бермен қара,- 
Деп жұмбақ қойса, Орынбай шешуін: 
Он екі ала дегенің - он екі айды
Сегіз бала дегенің - сегіз жұма. 
Ілге-ілге дегенің ұшпа бұлт қой, 
Қос жұмыртқа дегенің күн мен айды,-деп шешеді [2, 36].
Орынбай ақынның айтыстарының ішіндегі көп таныла қоймағаны Өтеулімен 
айтысы. Бұл айтысты көлемі жағынан сүре айтысқа кіргізуге болады. Айтыс басында сөз 
алған Орынбай ұзақ толғанған. Өмірінің соңғы кезеңіндегі ауыр тұрмыс тауқыметін, 
опасыз дүниені жырлап, мұңын шағады. Өтеулі ақынның Орынбайды тосылтқан мәселесі 
дін жайы еді. 
«Пайғамбар жасынан астым, өлеңді, айтысты қойдым деген сөзіңді бұздың, бұл 
саған жараспайды» деген тұжырымымен Өтеулі басым түседі.«Айтысты ант арқылы 
қойғам жоқты» деп қанша ақталғанмен тағы да өзі айтқандай «ауыздан шыққан лебіз бір 
жел, бола ма қолмен ұстап атқан оқтай» деген сөздері арқылы өз сөзіне қарсы келгеніне
қынжылады. Әйтсе де дауылпаз ақын үшін бұл жеңілу емес,қайта айтыстың ащы-
тұщысын енді тата бастаған Өтеулі үшін үлкен өнер мектебі [3, 9; 4, 120]. 
Іргелі айтыстарымен белгілі болған Орынбайдың шығармашылығы сонымен қатар, 
қағысуларымен де қызықтырады. Олардың қатарына ақынның қырғыз ақыны Сақаумен 
Сақау ақынмен қағысуын келтірейік.
Елге қайтарында ақын алдынан жасы ұлғайған қарт ақын Сақау шығып «Бір 
олжаңды байлап кет, жүйрік інім» деп сауға сұрауды. Оған Орынбай: 
Кішкенеден атандың Сақау атқа, 
Қас қылмайсың тапсырған аманатқа. 
Әлі көзің тоймаса дүниеге, 
Құтың түссе ала ғой шабдар атқа,- 
дегенде, Сақау тұрып: 
Ағасы інісінен сұрар сауға, 
Сауға сұрап ағасы қалды дауға. 
Дүниенің малына көзің тойса, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет