Абайға арнау
Шырағы сынды шаңырақтардың,
Жырын оқумен жадырап қалдым.
Ұлы Абайға шабыт сыйлаған,
Жайлауы қалды, қаңырап шалғын.
Жаралы жанның жарасын емдеп,
Өлеңнің қылмай бағасын да ермек.
Тәрбиеледің өлеңдеріңмен,
Уа, ұлы Абай, барасың өрлеп.
Ең биік шыңы ақындарымның,
Аласармайтын ақылманымның.
Берген тәлімін бойға сіңіріп,
Өсіп келеді батыл, дарының.
Мұрагер елге өлеңі мұра,
Айтқаны уағыз, дегені дұға
Жауапсыз сұрақ кеудеңде тұрса,
Абайға барып, керегін сұра!
Сөз әлемі секілді әр ақынға,
Қалықтаған қара өлең қанатында.
Сүрлеуін сөзбен салған Абай атам,
Қазақ поэзиясында дара тұлға.
Ғасырдың ғарыш ойы боп келеді,
Әр жыры өр кеудеге от береді.
86
«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
Сөзінен тәлім алып,жоқтай білгін,
Данышпанды мақтаудың жоқ керегі.
Сөз маржаны- іздеген бар асылы.
Ұлы ақынды тудырған Алаш Ұлы.
Хакім Абай дегенің Хақтың сөзі,
Ақын Абай дегенің дала сыры.
Білім деген толтырып бұлақты лық,
Бұлақ суға орнатып шуақты нық.
Қара көзін көрмедік дегенменен,
Қара сөзін оқыдық қуат қылып.
Келеміз жырларынмен кемелденіп,
Дана едің туылған өлең болып.
Жылылықтың жанына тұрақтаймыз,
Ұлылықтың сарқытын сенен көріп.
Үйретіп жұртқа да әдеп, жатқа да әдеп,
Ақылың арсыздықты ақтама деп.
Сақталып- ақ өтетін Ұлы Абаймен,
Мақтанып та кетіппін мақтама деп.
Өлеңмен өміршеңсің Өзің білген,
Өрліктен алыс болған кезінде іргең.
Қазақтың шалалығын айтып тұрып,
87
«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
Қазақтың даналығын сезіндірген.
Ерліктің еркіндігі ерекше ұнар,
Бостандықтың бақыты бөлек тұрар.
Ұлы Абайдың ұлылығын сезінбесе,
Ұлы елден ұялу керек шығар!
Достарыңызбен бөлісу: |