Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет25/66
Дата03.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#133063
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Байланысты:
Дәрістер (2)

Гипофиз.
 
Бас сүйегінің “түрік ері” деп аталатын сүйегінде орналасқан. Жаңа туған сәбидің 
гипофизінің салмағы 10-15 мг, 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі, жасөспірімдерде ересектердікіндей 
50-65 мг болады. 
Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы. Алдыңғы және ортаңғы бөлігін 
аденогипофиз
, артқы бөлігін 
нейрогипофиз
деп атайды. Алдыңғы бөлігі 75%, ортаңғы – 1-2%, артқы – 
18-23% құрайды. 
Гипофиздің гормондары 
Аденогипофиз 
Нейрогипофиз 
Алдыңғы бөлігі 
Ортаңғы бөлігі 
Артқы бөлігі 
1. Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ); 
2. Тиреотропин (ТТГ);
3. Адренокортикотропин (АКТГ)
4. Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, 
фоликулстимулдеуші гормондар) 
1. 
Меланотропин 
(МТГ) 
1. Вазопрессин; 
2. Окситоцин 
Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ)
– белоктың алмасуын, ұлпалардың өсуін реттейді, май 
мен көмірсудің алмасуына әсер етеді. Жаңа туған сәбиде өсу гормонының мөлшері өте көп (60 ммкг/мл), 
3 айда 16 ммкг/мл, ересек балаларда 10,8 ммкг/мл, ал ержеткенде 0,55 ммкг/мл болады. 
1945 ж. бұл гормонды Эванс пен Ли Симпсон тек малдың безінен тапқан, ал 1948 ж. 
жануарлардың, 1956-1968 жылдары адамның безінен тапқан. 
СТГ гиперсекрециясында баланың бойы ұзарып (2 м-ден асып кетеді) 
алыптық
, ал 
гипосекрециясында баланың бойы қысқа 
ергежейлік
байқалады.
Жыныстық жетілуден кейін СТГ көбейіп кетсе 
акромегалия
байқалады, яғни адамның бет, қол-
аяқ, жақ сүйектері күшті өсіп ұзарады. 
Тиреотропин (ТТГ) 
қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: йодтың без клеткасында жиналуына, 
тотығуына әсер етіп қалқанша безінің гормондарының қызметін реттейді. 
Адренокортикотропин (АКТГ) 
бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары 
глюкокортикойдтар мен адренокортикойдтардың өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуына әсер 
етеді. 


17 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет