гиперсекрециясында Базед ауруы байқалады. Науқастың көзі шарасынан
шығады, қалқанша безі өседі, зат алмасу күшейіп тез жүреді, ұйқы бұзылып, тез шаршайды, бала
жылауық, ашуланшақ болады.
Гипосекрецияда – миксидема , шірішті ісік пайда болады. Науқастың
тәбеті болмайды, температурасы төмендеп, салбыр болады, ақылы кем, есте сақтау қабілеті төмен
болады. Егер гипосекреция баланың кішкентай кезінде байқалса
кретинизмге шалдығады: жыныс
мүшелері жетілмейді, ақылы кем болады, дене пропорциясы бұзылады.
Гипосекреция кемшілігі 2 түрлі болады:
1. туа болған, қалқанша безі болмай, не нашар дамыған болса;
2. жүре пайда болған. Гипофиз безінің тиреотропин гормонының түзілуі тоқтағандықтан өсе келе
пайда болады.
Қалқан серік бездері қалқанша безінің артқы жағында орналасқан түйме тәрізді 4-6 без болады.
Салмағы 0,1-0,3 г, ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм. Жасөспірімдерде қалақансерік бездері қызғылттау,
кейін сарғыш болады, қартайғанда қоңыр болады. Қалқансерік безінде
паратгормон деп аталатын
гормон өндіріледі.
Паратгормон кальций мен фосфордың алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Бұл
гормон жеткіліксіз болғанда сіңір тартылады. Гиперсекрециясында – фосфаттар несеп арқылы сыртқа
шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да гиперкальцемия (сүйектер деформацияға
ұшырайды) байқалады.
Бүйрек үсті бездері – қос мүше. Оң және сол бүйректердің жоғары жағында орналасқан, салмағы
6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г., милы
қабаты 1,2 –2,4 г.
Егер жануарлардың екі безін сылып алып тастаса жануарлар 1 аптаның ішінде өліп қалады. Милы
қабатты қалдырып қыртысты қабатын сылып алып тастаса да жануарлар өліп қалады. Ал милы қабатты
алып тастап қыртысты қабатты қалдырса өзгеріссіз ұзақ өмір сүре береді. Себебі милы қабатты
құрайтын хромаффин клеткалар кейбір ірі қантамырларының бойында, ганглияларында кездеседі.
Бүйрек үсті безінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостеройдтар тобына жататын гормондар түзеді.
18
Кортикостеройдтар қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді: 1) глюкокортикоидтар; 2)
минералокортикоидтар; 3) адренокортикоидтар.