Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Қарындағы астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет48/66
Дата03.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#133063
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66
Байланысты:
Дәрістер (2)

Қарындағы астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері
. Қарынға түскен ас 
қоймалжыңына қарын сөлі әсер етіп, ас қорытыла бастайды. Қарын сөлінің құрамында 98% су, 0,3%-
0,5% тұз қышқылы және әртүрлі тұздар мен органикалық заттар болады. Қарын сөлінің рН реакциясы – 
қышқыл. Сөл құрамында белокты ыдырататын 
пепсин
, сүт казейнін ыдырататын 
химозин
, майды 
қорытатын 
липаза
ферменттері болады. 
Пепсин рН реакция 1,5-2,5, яғни қышқыл ортада ғана белсенді қызмет атқарады. Қарында барлық 
белоктар қорытылады, сонымен бірге тұз қышқылының әсерінен тамақпен түскен бактериялар да 
қорытыла бастайды, яғни қарын сөлі қорғаныс қызметін де атқарады. 
Қарын сөлінің құрамындағы липаза ұсақ молекулалы (жұмытрқаның сары уызындағы, ана сүтінің 
құрамындағы) майды ғана қорытады. Ол майды глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады. 
Бұл ферменттің әсер етуі үшін тұз қышқылы астың құрамындағы майды ұсақ май тамшыларына 
ыдыратады. Қарында ас 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады. 


31 
Жаңа туған сәбидің қарны көлденеңдеу, ересек адамдарда тік орналасқан. Қарынның пішіні 
әртүрлі: 1,5 жасқа дейін дөңгелектеу, 2-3 жаста алмұрт тәрізді, 7 жаста ересек адамның қарнындай 
болады. Сиымдылығы да әртүрлі: жаңа туған сәбиде – 30-35 мл, 1жаста 300-350 мл, 10-12 жаста - 1,5 л, 
ересек адамдарда 1,5-2 л. 
Ферменттердің мөлшері 1,5-3 жаста қарқынды арта бастайды, 12-14 жаста ересектердікіндей 
болады. Тұз қышқылының концентрациясы 6-7 жасқа дейін төмен болады, сондықтан балалар ішек 
жұқпалы ауруына тез шалдығады.
Ішектегі асқорыту
. Қарын қуысындағы ас қоймалжыңы 
химус
деп аталады. Химус қарыннан 
12 
елі ішекке (ұлтабарға)
өтеді. Оның ұзындығы 25-30 см. Ұлтабарға бауырдың өті мен ұйқы безінің өзегі 
ашылады. Өт майды эмульсияға, яғни ұсақ май тамшыларына ыдыратады. Ал ұйқы безінің сөлінің 
құрамында ферменттер болады. Олар: трипсиноген, липаза, амилаза және дисахаридтерді 
моносахаридтерге ыдырататын ферменттер. 
Трипсиноген
ферменті ішекте белсенді түрі трипсинге 
айналып, белокты амин қышқылдарына дейін ыдыратады. Липаза майды ыдыратады. Амилаза 
крахмалды дисахаридтерге, ал мальтаза, лактаза, сахараза т.с.с. дисахараидтерді моносахаридтерге 
ыдыратады. 
Сонымен қатар, ұлтабардың өз бездері де сөл бөледі. Ұлтабардан ас қоймалжыңы 
ащы ішекке
өтеді. Ащы ішектің ұзындығы 3 м. Ішектің кілегейлі қабатында либеркюн бездерінде ферменттер 
өндіріледі. Ішек сөлінің құрамында энтерокиназа, аминопептидаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза 
және т.б ферменттер болады.
Ащы ішектің қабырғасында ас қоймалжыңы одан әрі ыдырап, қан мен лимфаға сіңеді. Астың сіңуі 
ащы ішектің ішкі қабатындағы микробүрлер арқылы іске асады. Олардың саны өте көп – 1 мм² ішектің 
қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлер болады. Микробүрлер бұлшық еттен және 
қан мен лимфа тамырынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде ыдыраған ас «насоспен» 
сорылғандай қан мен лимфаға сіңеді (белок пен көмірсу қанға, ал май лимфаға сіңеді.)
Асты қорыту 
тоқ ішекте
аяқталады. Тоқ ішекте су қанға сіңеді, ал жоғарыда сіңбеген ас қалдығы 
тоқ ішектегі бактериялардың әсерінен шіріп нәжіске айналады. Одан пайда болған улы заттар (индол, 
скатол, фенол және т.б.) қанға сіңеді. Тоқ ішектен шыққан қантамырлары бауырға барып, улы заттар 
усыздандырылады.
Тоқ ішектегі бактериялардың тағы бір қызметі өсімдік тағамдарының клетчаткаларын ыдырату 
арқылы тоқ ішектің қабырғасын тітіркендіріп, оның жиырылуын жиілетеді. Соның нәтижесінде нәжістің
сыртқа шығарылуы жеңілдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет