Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Май мен көмірсуының тәуліктік қажет мөлшері



Pdf көрінісі
бет51/66
Дата03.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#133063
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
Байланысты:
Дәрістер (2)

 
Май мен көмірсуының тәуліктік қажет мөлшері,
г/кг тәулігіне 
Адамның жасы 
Май 
Көмірсу 
Барлығы 
Оның 
ішінде 
өсімдік 
майы 
6 ай – 1 жас 
25 

113 
1 – 1,5 жас 
48 

160 
1,5 – 2 
53 

192 
3 – 4 
63 

233 
5 – 6 
72 
11 
252 
7 – 10 
80 
15 
324 
11 – 13 
96 
18 
382 
14 – 17 жігіттер 
106 
20 
422 
14 – 17 қыздар 
93 
20 
367 
 
Су мен тұздардың алмасуы 
Денедегі судың маңызы
. Су адам тіршілігі үшін өте маңызды рөл атқарады. Тамақсыз тек сумен 
60 күндей өмір сүруге болады, ал сусыз 8-10 күн ғана өмір сүруге болады. Бала ағзасында судың 
мөлшері жоғары болады – 75-80%, ал ересек адамда 65 %.
Физиологиялық тұрғыдан судың екі түрін айырады: ішкі және сыртқы. Ішкі суға дененің 
ұлпаларының құрамындағы су жатады. Ал сыртқы суға адамның ішетін шайы, сұйық тамағының 
құрамындағы түрлі сусындар жатады. 1 жастағы бала тәулігіне 800 мл, 2-4 ж – 950 мл, 5-6 ж – 1200 мл, 
11-14 ж – 1500 мл, ал ересек адам тәулігіне 2,0-2,5 л сыртқы су қабылдауы тиіс. 
Судың қызметі: ферменттердің қоректік заттарды ыдыратуына қатысады, қан мен лимфаға қоректік 
заттардың сіңуіне, газ алмасу және зат алмасуы қалдықтарын тазалап сыртқа шығаруға, дене жылуының 
тұрақтылығын сақтауға қатысады. 
Несеп арқылы тәулігіне 1,2-1,5 л, тер арқылы 0,5-0,8 л, үлкен дәре арқылы 0,1-0, л, дем шығару 
арқылы 0,4 л су денеден шығарылады. 
Тұздардың организмдегі маңызы мен мөлшері, жас ерекшеліктері
. Организмнің қалыпты 
тіршілігі үшін тұздардың да маңызы үлкен. Организмдегі тұздардың проценттік қатынасына 
байланысты макро және микро элементтер деп екі топқа бөледі.
Макро және микроэлементтердің рөлі әртүрлі. Мысалы, кальций және фосфор сүйектің, ал фосфор 
мен күкірт мидағы белоктың құрамына кіреді. Натрий мен калий жүйке жүйесінің қозғыштық қабілетіне 
әсер етеді.
Микроэлементтер: йод – қалқанша безінің, темір – гемоглобиннің, фтор тіс ұлпасының, цинк – 
жыныс бездерінің құрамында, хром, марганец, бром – гипофизде, мыс - бауырда болады. 
1 жасқа дейінгі балалар үшін кальций көп мөлшерде қажет. Кальций мен фосфор тұздарының ара 
қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1, 8-10 жаста 1:1,5, жасөспірімдер мен жоғары сынып 
оқушыларында 1:2. Мұндай арақатынаста қаңқа дұрыс өсіп жетіледі. Кальций мен фосфордың ара 
қатынасы сүттің құрамында өте жақсы теңестірілген, сондықтан балалардың тамақ мәзіріне сүтті 
міндетті түрде енгізу қажет. 
Нәрестенің дене массасының 2,55%, ал ересек адамның 5% тұздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет