Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет10/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83
 
NMDA-рецепторы – 
ми қыртысы мен гипокампта орналасқан, N–
метил-D-аспартатты (NMDA) селективті түрде байланыстыратын 
глутаматтың ионотропты рецепторы. Қалыпты жағдайда ионотропты
NMDA-рецепторларының өткізгіштігі жасуша ішіндегі және жасушадан 
тыс кеңістіктерде калий, натрий, хлор, кальцийдің мөлшерін реттеп 
отырады (2-сурет). Глутамат тек глициннің қатысуымен ғана NMDA-
рецепторларын белсендіреді. Осы рецепторлардың ишемия кезінде 
белсенуі протеазаларды стимуляциялайтын кальцийдің жасушаға көптеп 
жиналуын туындатады. Осының салдары протеазалар мен NO-
синтазалардың белсенуі, қабынбалық цитокиндер титрінің артуы, 
тотығулық стресс, митохондриялық дисфункция, апоптоз, нейрондардың 
некрозы. 
Сонымен, 
NMDA-рецепторларының 
айқын 
белсенуі 
жасушалардың эксайттоксикалық бүлінуін туындатады. 
 
 
 
2- сурет.NMDA–рецепторы
(http://ru.wikipedia.org)
Жасушалық мембрана 2. МагнийдіңMg
2+
бөгейтін канал 3. Mg
2+
бөгейтін каналдың 
сайты. 4.Галлюциногендерді байланыстыратын сайт. 5. Мырышты (Zn
2+

байланыстыратын сайт. 6. Агонистер (глутамат) немесе антагонистерді (APV) 
байланыстыратын сайт 7. Гликолиздеу сайты 8. Протондарды байланыстыратын сайт
9. Глицинді байланыстыратын сайт. 10. Полиаминдерді байланыстаратын сайт. 11. 
Жасушадан тыс кеңістік 12. Жасуша ішіндегі кеңістік 13. Кешенді суббірлік. 
 


13 
AMPA-рецепторлары
— бұл ми қыртысы мен таламуста орналасқан, 
альфа-амин-метил-изоксазол-пропион қышқылын (АМРА) селективті 
түрде (іріктеу арқылы) байланыстыратын глутаматтың ионотропты 
рецепторлары. 
AMPA-рецепторлары 
NMDA-рецепторлары 
сияқты 
глутаматтың әрекеттесуі кезінде қозған импульстарды нейрондар арқылы 
өткізуді қамтамасыз етіп отырады. AMPA-рецепторлары NMDA-
рецепторларына қарағанда глутаматқа ұқсастығы аз, бірақ қозымдылғы 
артқан постсинапстық потециалдың жылдам компонентін қалыптастырады 
және жылдам кинетикалық қасиеті бар. Ми ишемиясы кезінде АМРА-
рецепторларының белсенуі Na
+
, Cl

, Н
2
О жиналуын күшейтіп, жасушаның 
осмостық ісінуін туындатады және NMDA-рецепторларының магнийлік 
бөгелуін жояды. Осының нәтижесінде постсинапстық мембрананың қысқа 
уақыттық деполяризациясы пайда болады және антогонист-тәуелді 
(NMDA-рецепторлары) каналдар арқылы жасушаға Са
2+ 
иондарының
жиналуын күшейтеді. 
Эксайтуыттылық 
(ағылшын тілінен ауд. to excite- қоздыру, белсендіру) –
NMDA- 
және AMPA-рецепторларын белсендіретін қасиеті бар 
нейромедиаторлардың әсер етуінен нерв жасушаларының бүлінуі мен 
өлуін туындататын патологиялық үдеріс. Жасушаның ішіне кальцийдің 
көптеп жиналуы 
жасушаның цитозолдық 
құрылымын 
бұзатын 
ферменттерді (фосфолипаза, эндонуклеаза, протеазаларды) белсендіріп
нейрондардың өлуіне әкеледі. Сонымен бірге, бұл процесс липидтердің 
асқын тотығын арттырып, соңынан тотығулық стрессті дамытады. 
Эксайтотоксиндер ретінде L-глутамат, глутаматомиметиктер (АМРА), N-
метил-D-аспартат - NMDA қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет