Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Қоздырғыштардың ми қабықтарына ену жолдары



Pdf көрінісі
бет72/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Қоздырғыштардың ми қабықтарына ену жолдары 
(25-сурет) 

Гематогендік жолы
. Қоздырғыштың алғашқы қабынбалық ошақтан 
басқа жерлерге таралуының жиі кездесетін жолы. Бұл көбінесе мұрын-
жұтқыншақта, 
кеңірдек, 
бронхтардың 
және 
ішектің 
сілемейлі 
қабықтарында орналасады. Қанағым арқылы инфекцияның таралуы 
организмдегі жіті және созылмалы инфекциялық ошақтың түріне (отиттер, 
синуситтер, фурункулез, бронхоэктаздар, абсцесстер және т.б.). тән 
өзгерістермен іске асырылады. 

Жанамалы жолы. 
Ми қабықтарына қоздырғыштар мұрын 
маңайындағы қуыстар (синустық менингит) ортаңғы құлақ немесе емізік 
тәрізді өсінді (отиттік менингит), тістердің патологиясы кезінде жоғарғы 
жақсүйек (одонтогендік менингит), көз алмасы және т.б. арқылы таралады. 
24- сурет.
Іріңді менингиттен 
қайтыс болған 
науқастың миы. 
Қабынбалық өзгерістер 
мен іріңді өңез ми 
иірімдерінде «іріңді 
плащ» түрінде көрінеді 
(neuropathology-
web.org)
 


78 

Сегменттік–тамырлық жолы
. Көбінесе іріңді-сепсистік ошақтың 
ми қабықтарына жақын жатқан жерлеріне орналасқан жіті және созылмалы 
іріңді қабынбалық процесстер кезінде байқалады. Сонымен бірге, 
вирусемиялар мен бактериемиялар кезінде де қоздырғыштардың ми 
қабықтарына енуі осы сегменттік-тамырлық жол арқылы таралуы мүмкін.

Ашық жолы
. Бассүйек-ми және омыртқа-жұлынмидың ашық 
жарақаты кезінде, ликвореяны туындататын бассүйек түбегейінің сынуы 
мен жарықшағы кезінде жыланкөз арқылы ми қабықтарының зақымдануы 
байқалады. 

Лимфогендік жолы
. Бұл өте сирек кездесетін түрі. Инфекция мұрын 
қуысындағы лимфа тамырлары арқылы ми қабығына таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет