Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет71/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 
Менингиттерді
ң п
атофизиологиялы
қ 
аспектілері 
Менингит (грек тілінен ауд. мeningos –ми қабығы) – бактериялар
вирустар, саңырауқұлақтар және басқа да заттектердің әсерінен ми және 
жұлынның іріңді немесе сірнелі қабынуы. Клиникалық практикада 
«менингит» термині мидың жұмсақ қабығының қабынуымен түсіндіріледі. 
Менингитпен жас шамасы әртүрлі адамдар ауырады. Бірақ, балаларда 
минигит жиі дамиды. Өйткені, балалардың иммунитеті мен ГЭТ әлі 
толығымен жетілмеген. 
Менингиттердің жіктелуі 
I. Этиологиясы бойынша: 

Бактериялық менингит. Грамтеріс микробтардан менингиттерді 
менингококктар мен гемофильді таяқшалар жиі туындатады. Ал, 
эшерихиялар, сальмонеллалар және басқа эндобактериялар туыстығының 
өкілдері менингитті сирек туындатады. Грамоң бактериялардан 
менингиттерді жиі туындататын қоздырғыштарға пневмококк, ал сирек 
дамытатын қоздырғыштарға стафилококктар, листереллалар, спирохеттер 
және т.б. жатады. Менингит ауруының 90%-ын кокктардың флорасы 
туындатады. 

Вирустық менингит – Коксаки және ЕСНО вирустары, тұмау, 
қызылша, шешек, паротит, цитомегаловирустар және т.б. туындатады. 

Саңырауқұлақтық менингит – Кандида туыстықты саңырауқұлақтар, 
криптококктар, аспергиллалар және т.б. 

Протозойлық менингит – токсоплазмоз, малярия және т.б. 

Паразитарлық менингит – аскаридоз, эхинококкоз, цистицеркоз. 

II. Патогенезі бойынша: 

Ілкі менингит. 
Менингиттің бұл түрінің алғашқы инфекциялық 
ошағын анықтау мүмкін емес. Ал, ми қабықтарының қабынуы жалпы 
инфекциясыз немесе қандайда бір ағзаның жергілкі инфекциялық 
зақымдануынсыз өз бетінше дамиды. 

 Салдарлық (екіншілкі) менингит. 
Менингиттің бұл түрі, алғашқы 
қабынбалық ошақтан түрлі жолдар арқылы (лимфогендік, гематогендік, 
жанамалы, жарақаттанудан кейінгі) ми заты мен оның қабықтарының 
зақымдануы, яғни негізгі аурудың асқынуы болып саналады. 
III. Қабынбалық процесстің сипаты бойынша: 

 Сірнелі менингит. 
Бұл кезде экссудат жылғалар, қантамырлар 
бойымен цистерналарға жиі жиналады және құрамында аздаған 


77 
нәруыздары бар мононуклеарлы қатардағы жасушалардың (лимфоциттер, 
моноциттер) жаппай жиналуы байқалады. Табиғаты вирустық түрі жиі 
кездеседі. Ал, туберкулездік, бруцеллездік, листериоздық түрлері сирек 
кездеседі.

 Іріңді менингит.
Бұл кезде экссудат ми түбегейінде (астында), дөңес 
беткейлерде (көбінесе "қалпақ, плащ түрінде"), жұлын мидың 
қабықтарында жиналады (24- сурет). Оның құрамында өте көп нәруыздары 
бар, кейде эритроциттер араласқан полинуклеарлы (экссудатта 60%-дан 
астамы нейтрофилдер) жасушалар көптеп кездеседі. Табиғаты көбінесе 
бактериялық, ал саңырауқұлақтық түрі сирек кездеседі. Іріңді 
менингиттердің жартысынан көбі балаларда 3 жасқа дейін гемофилдік 
инфекцияның (гемофилді инфекцияның b типі – СИА (созылмалы 
инфекциялық аурулар) - инфекциясы) нәтижесінде туындайды. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет