7.5.1.2. Болжалды келер шақ есімше Есімшенің бұл түрі
-ар (-ер, -р, -с) жұрнақта-
ры арқылы жасалады.
-ар (-ер, -р) болымды етіс-
тіктерге жалғанса, -сж ұрнағы болымсыз етістік-
терге жалғанады:
барар - бармас. Болжалды есім-
ше де атрибуттық және жіктеліп предикатты қ
мағынада қолданылады.
Есімш енің бұл түрі басқалары ндай тәуел-
деніп, септеліп қолданылғанымен көптікж алғау-
ды қабылдамайды. Бұл есім ш енің осы түрінің
өзіндік ерекшелігін білдіреді. Дегенмен өткен шақ
есімшелерге қарағанда
-ар, -ер, -р, -стұлғалы есім-
ше сирек тәуелденіп, сирек септеледі. М ысалы:
Келердің алдында білдің. Келмеске кетті. Айта- рын айтып қалсын. Үшарымды ж ел, қонарымды сай біледі. Көрмес - түйені де кормес. Есімш енің бұл түрінен конверсия жолымен
зат есімдер қалыптасқан. Мысалы:
ат байлар, шаш сипар, алтыатарт.б. Бұл есім ш ен ің болы м ды , болы м сы з түрі
қосарланы п, әрі қарай түрлі септік ж алғауы ар-
қылы қолданылады да болымшы, шұғыл әрекетті
аңғартады . М ысалы:
болар - болмас жүмыс (бо- лымшы жүмыс), келер-келместен кірісті (асығыс, шүғыл), барар-бармасын қүдай біледі (күмәнді). 7.5.1.3. Мақсат мәнді келер шақ есімше Есімшенің бұл түрі етістікке
-м ақ (-мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек) жұрнағы жалғану арқылы жаса-
лады. Бірақ
-м ақ (-м ек) ж ұрнағы ж ал ған ған
сөздің барлығынан мақсат мәнді келер шақ есім-
ше жасала бермейді. Мысалы:
Кел демек бар, кет демек жоқ дегенде мақсат мәні ж оқ, қимыл
есімін жасап тұр (қара: қимыл есімі). Есімшенің
бұл түрі есімш енің барлы қ түрінен де өзгеше.
М әселен, атрибуттық м ағы нада қолданбайды.
Осы ж ағы нан келіп не көптік, не септік, не тәу-
елдік жалғауын қабылдамайды. Текж іктеліп ба-
яндауыш қызметін атқарады. Бұл ерекшелігі -
бұл ф орманы ң есімшеге қатысын да ж оққа ш ы-
ғаратын сияқты.
-м ақ формалы есімшеге қолда-
нылыс барысында
-шы, -ші қосымшасы қосылып
та айтылады. Бірақ бұл қосымш а морфема емес,
өйткені есімшеге ж алғанғанм ен не лексикалы қ,
не грамматикалық мағына үстемейді. Сондықтан
534 М О Р Ф О Л О Г И Я
да
-м а к ф орм алы есімше мен
-макш ы формалы
есімше бір мағынада жарыса қолданыла береді.
Мысалы:
Мен бармакпын -
Мен бармакшымын Сен бармаксың - Сен бармакшысың Сіз бармаксыз - Сіз бармакшысыз Ол бармак - Ол бармакшы Сондықтан -лш кжұрнағына қосылып тұрған