53. Батырлар жырына: «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын батыр»,
«Қамбар батыр», «Ер Қосай», «Арқалық батыр» т.б. жырлар жатады.
54. Жыршылар – батырлар жырын айтушылар, біздің заманымызға дейін жет-
кізушілер.
55. Қазақ батырлар жыры жайында алғаш пікір айтып, зерттеу жүргізген
ғалымдар: В.
В.Радлов, И.Е.Березин, Г.Н.Потанин, Ш.Ш.Уәлиханов, Н.И.Ильмин - ский, А.Е. Алекторов, Ә.А.Диваев.ё «Қобыланды батыр» жыры 56. «Қобыланды батыр» жыры – 29 нұсқадан тұрады. 26-сында Қобыланды батыр-
дың ерліктері жайында, ал 3 нұсқасы Қобыланды батырдың балалары Киікбай мен
Бөкенбай батырлар туралы жазылған.
57. Қобыланды – Әбілқайыр заманында өмір сүрген тарихи тұлға. Шамамен XV
ғасырда өмір сүрген. Бейіті
Қобда өзені бойында. Ескерткіші – Аягөз қаласында орналасқан. 58. Әкесі – Тоқтарбай, анасы – Аналық, жары – Құртқа. Жаз жайлауы – Көздікөл, қыс қыстауы – Қараспан. Тоқсан құлдың бастығы – Естеміс. Тұлпары – Тайбу - рыл. Жолдасы – Қараман, Қарлыға. Жауы – Көбікті. Шыққан руы – қыпшақ. 59. Қыстау – малшылардың мал қыстайтын қысқы мекені.
60. Әулие – діни. 1)Құдай жолын уағыздаушы адам; 2)қасиетті аруақ; 3)көріпкел,
сәуегей.
61. Қамқа – көне. Зер талшықтары қосылып тоқылған жібек мата.
62. Енші – 1) бала жеке үй болып бөлек шыққанда ата-анасы беретін мал-мүлік;
2)иелігінде, меншігінде болу.
63. Пір – діни. Қолдап, қорғаушы рух, аруақ; 2) ауысп. демеуші, қолдаушы.
64. Баулу – тәлім-тәрбие беру, үйрету, тәлімгер болу.
65. Намазшам – кешкі намаз уақыты, ақшам. Наз – өкпе, базына, реніш. Ынтызар–
ыстық ықылас, көңіл құштарлық, әуесқойлық.
66. «Қобыланды батыр» жөніндегі аңыз әңгімені алғаш рет баспа бетіне түсірген
академик