5сынып адебиет



Pdf көрінісі
бет3/679
Дата03.12.2023
өлшемі3,92 Mb.
#133408
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   679
Байланысты:
5сынып адебиет

12. Рәбиға Сыздықова:
«Қазақтың жазба поэзиясының алғашқы нышандары 
Дулат өлендерінен көрінеді».
13. Шығарманың кейіпкері –
көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы 
адам, әдеби образ. 
14. Әдеби образ –
шығармадағы көркем бейне.
15. Шығарманың қаһарманы – 
көркем шығармада жан-жақты толық суреттелетін, 
негізгі тұлға басты кейіпкер болады.
16. Әдеби жанрлар (французша genre - түр, тек, жанр) –
ауызша және жазбаша 
жазылған көркем шығармалардың түрі. Шығарма жанры 
мазмұнына, құрылысы
-
на, композициясына және түріне 
қарай анықталады.
17. Шығарманың тақырыбы –
көркем шығармаға негіз, арқау болған өмір құбылы-
старының түйіні.
18. Шығарманың идеясы (грекше idea - түсінік, елес, бейне) –
шығарманы 
жазған автордың айтайын деген негізгі ойы.
19. Шығарманың мазмұны - 
шығарманың шындыққа негізделген тақырыбы мен 
идеясы.
20. Шығарманың пішіні –
әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, өмірі-
не, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, көркем шығарманың тілі.
21. Шығарманың түрі –
шығарманың жанрына қарай анықталуы.
22. Шығармадағы тартыс (латынша: қақтығыс, айқас, кейде алауыздық, талас) 

өмірдегі қайшылықтардың шығармада берілуі.
23. Шығарманың сюжеті (французша: зат) –
шығармада баяндалатын оқиғалар 
тізбегі.
24. Шығарманың фабуласы – 
шығармадағы тұтас оқиғалар мазмұнын қысқаша 
баяндау.
25. Шығарманың композициясы –
шығарманың құрылысы. Шығарма сюжетіндегі 
композицияның өрбу кезеңдері – шығармада баяндалатын оқиғалар тізбегінің 
рет-ретімен орналасу ерекшелігі.
26. Сюжеттік байланыс – 
адамдар арасындағы әрекеттің басы, шығарма арқауын-
дағы негізгі оқиғаның туындау себебі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   679




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет