Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің
19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
22.11.2021 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен
педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары (бұдан әрі –
Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35)
тармақшасына, "Мемлекеттік кӛрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді,
мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік
қызмет кӛрсету тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау мен босату тәртібі 2. Ауданның, (облыстық маңызы бар қаланың) білім бӛлімдері мемлекеттік
білім беру ұйымының бірінші басшысының (бұдан әрі – бірінші басшы) бос
немесе уақытша бос лауазымы пайда болған кезде бес жұмыс күні ішінде
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім
басқармаларына конкурс ӛткізу туралы ӛтініш жібереді.
3. Бірінші басшысының уақытша бос немесе бос лауазымының міндеттерін
орындау конкурс аяқталғанға дейін осы білім беру ұйымы басшысының
орынбасарына және (немесе) осы білім беру ұйымының педагогіне үш айдан
аспайтын мерзімге жүктеледі.
4. Білім беруді басқару органы бірінші басшының міндетін атқарушы
лауазымды одан әрі атқарудан бас тартқан немесе қабілетсіз болған
жағдайларды қоспағанда, бірінші басшының уақытша бос немесе бос
лауазымының міндеттерін атқаруды бір реттен асырмай жүктеу туралы шешім
қабылдайды.