63. Білім беру ұйымының басшысы лауазымына үміткер, бірақ шекті
деңгейді жинамаған кандидаттар тестілеуді тапсырған күннен бастап бір ай
ӛткен соң қайта тестілеуден ӛтуге құқылы.
64. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының бірінші басшысының бос
лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден ӛткеннен кейін үш
жұмыс күні ішінде "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен
әңгімелесу нысанында келісудің қосымша кезеңінен ӛтеді.
65. "Білім-инновация" лицейінің бірінші басшысының бос лауазымына
орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден ӛтуден, сондай-ақ кандидаттарды
қамқоршылық кеңеспен келісуден босатылады және қатысушылардың
құжаттарын біліктілік бағалаудан кейін үш жұмыс күні ішінде "Білім-
инновация" халықаралық қоғамдық қорымен әңгімелесу нысанында келісуден,
сондай-ақ
конкурс
жариялаған
мемлекеттік
органның
конкурстық
комиссиясының отырысында әңгімелесуден ӛтеді.
66. Арнайы білім беру ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына
орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден ӛткеннен кейін үш жұмыс күні
ішінде Министрліктің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық
ғылыми-практикалық орталығымен әңгімелесу нысанында келісудің қосымша
кезеңінен ӛтеді.
67. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына
орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден ӛткеннен кейін үш жұмыс күні
ішінде Министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен әңгімелесу
нысанында келісудің қосымша кезеңінен ӛтеді.
68. Тестілеу қорытындысы бойынша екі жұмыс күні ішінде конкурс
жариялаған мемлекеттік органның пермоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
қамқоршылық кеңеске кандидаттардың тізімдерін, олардың түйіндемелерінің
кӛшірмелерін жібереді.
69. Қамқоршылық кеңес құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс
күні ішінде кандидаттарды қамқоршылық кеңес отырысының ӛтетін күні,
уақыты мен орны туралы хабардар етеді.
70. Қамқоршылық кеңес кандидаттарды хабардар еткеннен кейін үш жұмыс
күні ішінде Бос немесе уақытша бос лауазымға әрбір кандидаттың білім беру
ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын тыңдайды және ұсынымдар
шығарады. Қамқоршылық кеңестің барлық отырыстары аудио бейне жазбамен
сүйемелденеді. Аудио-бейне жазбалар білім беру ұйымында бірінші отырыс
ӛткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
71. Қамқоршылық кеңес қабылданған ұсынымдары тыңдау ӛткізілгеннен
кейін келесі жұмыс күні конкурстық комиссияға ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: