Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы пәні Кіріспе


Оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылығын дамыту



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата03.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#134108
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
2.4 Оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылығын дамыту 


Бүгінгі таңда ӛркениетті ел қатарына қосылуды мұрат еткен тәуелсіз қазақ елі жаңа толқынның заманауи үлгіге сай білімдар, 
ізденімпаз тұлға болып қалыптасуы мақсатында игі шаралар жасауда.Білім беру жүйесінде әлмедік деңгейге жету үшін жасалып жатқан 
талпыныстар терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын және ӛз болмысын таныта алатын жеке 
тұлға тәрбиелеу ісіне мән берілуде.Бала тәрбиесінің қайнар кӛзі саналатын бастауыш сынып оқушыларына қойылар талап та күн сайын 
артып келеді.Адамға табиғаттан берілетін ізгілікті мүмкіндіктердің 80 %-ы осы бастапқы оқу кезеңінде қалыптасатынын ғылым дәлелдеп 
отыр.Оқушыны белгілі мақсатқа сай іздеенімпаздыққа баулып, логикалық ойлау қабілетін дамыту тікелей педадогқа келіп саяды.Десе де, 
педагогтың бағыт-бағдар беруші екені даусыз. 
Негізінен алғанда, әлемдік психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді А.Н.Леонтьев, С.П.Рубинштейн,М.Л.Гуров,Е.Кабанова-
Меллер, Г.С.Костюк,Е.О.Зейлингер-Рубинштейн,М.В.Занков сынды белгілі ғалымдар адамның ойлау жүйесін дамыту мәселелерін 
теориялық тұрғыда қарастырады.Зерттеу барысында «ойлау», «логикалық ойлау» ұғымдарына 18 анықтама берген.Бұл ғалымдардың 
пікірінше, логикалық ойлау дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ұғымдарды, ой-пікірлерді , тұжырымдарды қолдануға 
негізделген ойлау түрі. 
Логикалық ойлауды дамыту мынандай құрамдас бӛліктерге ие: 

барлық логикалық ойлау операцияларын арнайы жүйелі түрде қалыптастыру; 

ойлау белсенділігін, ӛзбеттілігін қалыптастыру; 

трансформация әрекетін, яғни обьектіні ӛзгерте білу қабілеттерін жетілдіру[3 24]. 
Қазіргі кезеңде мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған тапсырмалар аз емес.Бұл проблемаларды шешу мақсатында 
бастауыш сыныптан бастап логикалық есептерді шығару керек. 
Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой-ұшқырлығын дамытады.Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды 
есептерді шығаруда, есептің шартын құрастыра білуге қалыптастырады.Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.Әрбір сабақ 
қызықты есептермен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет. 
Мысалы: Салтанат, Ляззат, назерке, Гүлнардың туған күндері – 2 ақпан, 10 қазан, 2 маусым, 28 ақпан.Ляззатпен Назерке бір айда 
туған.Ал Салтанат пен Ляззаттың туған күндері бірдей сандар.Балалардың әрқайсысының қай айда, қай күнде туғанын анықта деп берілген 
мысалда балалар тез ойлап жауап беруі қажет.Бұл тапсырманың жауабында Лязаттың 2 ақпанда, Салтанаттың 2 маусымда, Гүлнардың 10 
қазанда, назеркенің 28 ақпанда екенін анықтауға болады. 
Жалпы, қазіргі таңдағы оқыту әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерін дамуына мүмкіндік тудыра отырып, ойлау қабілеттері 
мен ӛз бетінше ізденіп, жаңа білім игеруге ықпал жасауы тиіс.Педагогика саласындағы кеңінен қолданылып келе жатқан эвристикалық әдіс 
оқушыны проблемаларды кезең-кезеңімен орындау арқылы ізденімпаздыққа жетелейді.Оқушының ізденімпаздық пен ойлау қабілетін 
арттыру дидактикалық ойындардың маңызы ерекше.Дидактикалық ойын барысында балалардың танымдық белсенділігі кӛтеріледі, 
қызығушылығы да дамиды, ӛз бетінше жаңаша ойлау әрекеті қалыптасады.Ұтымды әрі дұрыс құрастырылған ойын баланың даралық 
сезімін дамытып, ептілігін шыңдайды.Ойын арқылы бала ӛз бетінше жаңалықтарға қадам аттап, мәселелер шешуге ұмтылады.Белгілі 
педагог А.С.Макаренко ойынның балалар үшін маңызды құрал екендігін дәлелдеген еді.Бастауыш сынып оқушыларды ӛздігінен 
шығармашылық пен ізденушілікке бастайтын шығарма жазу, ӛлең шығару, логикалық тапсырмалар құрастыру, ертегіні ӛз бетінше аяқтау 


сияқты жұмыстарға қызығушылық танытады.Мұндай жұмыстарды орындау барысында балада бақылау, зерттеу, ойлау дағдылары 
қалыптасады. Сонымен бірге, оқушы шапшаң ойлайды, жаңа идеялар табады, жаңа ақпарат кӛздерін ашады. 
Баланың шығармашлық ізденіштік қабілеттерін дамытуды ӛте ерте кезден бастап қолға алу қажет.Мысалы, тіл үйрету үшін баланың 
туған сәтінен бастап сӛйлесе бастаймыз. Ал музыканттар жанұясында үнемі музыка естіп ӛскен баланың сол ӛнерге қабілеті ашылады.Міне, 
осыны басқа қабілетті дамытуға неге пайдаланбасқа. 
Бала жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекет жағдайында болуы қажет.Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік 
қарым-қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етері сӛзсіз.шығармашылық жұмыстар баланың ойлану мүмкіндігінің ең 
жоғарғы деңгейіне жету керек.Күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы керек.Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала 
дамуында үлкен нәтиже береді.Балаға ӛз ойымен, ӛз күшімен «жаңалық» жасауына мүмкіндік жасау – бүгінгі мектептің мәселесі болуы 
керек. 
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің қайнар бұлағы.Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі бағдары – оқушылардың 
мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы ӛмірдегі тұлға етіп даярлау. 
Бұрынғы дәстүрлі сабақтарды мұғалімге басымдылық берілсе, ал жаңа педвгогикалық технологиялар бойынша ӛткізілген 
сабақтардың оқу үдерісінде оқушы белсенділігіне, шығармашылығына басымдылық беріледі.Оқушы ӛздігінен оқуы, меңгеруі тиіс, ал 
мұғалімнің негізгі кӛңіл аударатын жайы - әрбір оқушының жеке қызығуы мен шығармашылық ашу. 
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін сабақтарда «оқу және 
жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолдану тиімді.Бұл технологияның бір ерекшелігі – оқушыға жан-жақты ықпал 
етуі.тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық және ӛзін-ӛзі ӛзектендіру, бектіу, шығармашылық 
қабілеттерін қалыптастыруға, сӛздік қорын дамытуға, ӛз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін жан-жақты жетелейді.v 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет