Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы пәні Кіріспе



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата03.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#134108
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


 
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы пәні 
Кіріспе 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың 
негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық 
қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру кӛзі» деп атап кӛрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы 
басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен 
және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр. 
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа 
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да кӛптеген адами келбетінің 
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі. Сонымен жаңа формация 
мұғалімі қабілетті, кәсіби білікті, жаңа технологияны меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасайтын тұлға болуы тиіс. 
Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты-білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып 
қалыптасуына мүмкіндік жасау. 
Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технолгиялары жасалып, мектеп ӛміріне енгізіліп қолдануда. 
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа 
технология әдістемелік жүйенің басты бӛлігі болып қалады. 
Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология - педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады, оның мәні 
мен құрылымы айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық 
технологияның ғылыми негіздерін оқып-үйренеді, педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі және 
педагогикалық технология теориясының негіздері ашып кӛрсетіледі. 
Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру – мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне 
байланысты болмақ. Оқыту әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді түрде жүргізудің 
қажеттілігі осыдан туындайды. 
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кезкелген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады.Қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа 
технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, ӛздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға кӛп кӛмегін тигізеді.
Кәсіби білім берудің басты мақсаты – жас толқынның қабілеті мен қызығушылығына қарай кәсіби әрекетті игеруіне, белгілі бір 
мамандықтың иесі болуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Оқытудың жаңа технологиялары бойынша студенттер теориялық білім алумен 
бірге оқу үрдісінде қолдана білуі де маңызды. Ендеше болашақ маман қазіргі заман педагогикалық технологияларының пайдалану 
принциптерін, әдіс-тәсілдерін жетік білуі керек. 
Бұл әдістемелік құрал 3 және 4 курс студенттеріне «Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» 
пәндерінен кӛмекші құрал ретінде пайдалануларына әзірленді. 


1 Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет