Презентация такырыбы : Тағамның негізгі компоненттері ақуыздар



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата05.12.2023
өлшемі1,2 Mb.
#134513
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Минералды тұздарды
адам
ағзасы жеген тағам мен ішкен
суы
арқылы
қабылдайды.
Адам пайдаланатын барлық
табиғи
тағамдардың
құрамында тұздар кездеседі.
Күнделікті тұрмыста ас тұзын
табиғи
қалпында
пайдаланады. «Тұз - астың
иманы» деген сөзде терең
мағына бар. Тұзсыз астың
дөмі
татымайды.
Адам
тәулігіне
5-6
грамдай
ас
тұзын пайдаланса, жеткілікті.


Су
адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. 
Адам денесінде күрделі физиологиялық үдерістердің бәрі де судың 
катысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералдық 
тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 
1,5-2,5 литр су қажет.
Суды адам кейде сусын ретінде 
ішеді. Сонымен бірге күнделікті 
пайдаланған тағамның 
құрамында да болады. Судың аз-
даған мөлшері ағзаның өзінде 
ағзалық заттардың ыдырауынан 
бөлінеді. Суды дұрыс пайдалана 
білу керек. Ағза үшін су 
тапшылығы да, суды артық 
пайдалану да зиян. Мысалы, 
суды шектен тыс көп пайдалану 
бүйрек қызметіне күш түсіріп, 
зиянды әсер етеді.


Тағамдық заттардың қызметі

Адам ағзасында тағамдық заттар көптеген қызмет 
атқарады. Солардың ішінде екі түрлі кызметін ерекше атап 
өткен жөн. Біріншіден - тағамдық заттар адам ағзасындағы 
тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын 
басады. Оны тағамның құрылыстық қызметі дейді. 
Екіншіден - тағамдық заттар ағзадағы химиялық 
энергияның бірден-бір көзі болып 
саналады. Тағам құрамындағы күрделі ағзалық заттар 
ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне 
(жылу, механикалық және т.б.) айналады. Мұны тағамдық 
заттардың энергетикалық қызметі дейді.




Адам ағзасына негізгі тағамдық компоненттерінен 
басқа белгілі бір мөлшерде, аз көлемде болса бірқатар 
ауыстырылмайтын тағамдық факторлар да түсуі қажет. 
Ауыстырылмайтын тағамдық факторларға адам ағзасында 
синтезделетін аминқышқылдары (ауыстырылмайтын 
аминқышқылдары), полиқанықпаған май қышқылдары, соның 
ішінде ең алдымен линолен қышқылы, витаминдер және 
минералдық заттар (микроэлементтер) жатады. 
Ауыстырылмайтын аминқышқылдарына 10 аминқышқылы 
жатады, солардың ішінде аргинин мен гистидин жартылай 
ауыстырылатын болып табылады. Бірқатар авторлардың 
мәліметі бойынша ауыстырылмайтын аминқышқылдарының 
тәуліктік қажеттілігі (граммен) мынадай:


Қорытынды

Қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. 
Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты 
тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас адамның арқауы», «асты 
көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. 
Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдаланатын 
тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі 
өзгірістерге ұшырап, денеге сіңіріледі. Онда тағамдық 
заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға 
таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның 
құрамындағы ағзалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. 
Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпыы ағзаның қызметі 
үшін жұмсалады. Тағамағза үшін энергия көзі және құрылыс 
материалы.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Торгаутов Б.К. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена 
Шымкент 2009ж.

С.О. Тапбергенов Медициналық биохимия Алматы 
2011

П.К. Кенжебеков Биологиялық химия Шымкент 
2005

З.С. Сеитов Биологиялық химия 2012ж

Кухта В.К. Основы биохимии Москва 2007


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет