Минералды тұздарды
адам
ағзасы жеген тағам мен ішкен
суы
арқылы
қабылдайды.
Адам пайдаланатын барлық
табиғи
тағамдардың
құрамында тұздар кездеседі.
Күнделікті тұрмыста ас тұзын
табиғи
қалпында
пайдаланады. «Тұз - астың
иманы» деген сөзде терең
мағына бар. Тұзсыз астың
дөмі
татымайды.
Адам
тәулігіне
5-6
грамдай
ас
тұзын пайдаланса, жеткілікті.
Су
адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес.
Адам денесінде күрделі физиологиялық үдерістердің бәрі де судың
катысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералдық
тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне
1,5-2,5 литр су қажет.
Суды
адам кейде сусын ретінде
ішеді. Сонымен бірге күнделікті
пайдаланған тағамның
құрамында да болады. Судың аз-
даған мөлшері ағзаның өзінде
ағзалық заттардың ыдырауынан
бөлінеді. Суды дұрыс пайдалана
білу керек. Ағза үшін су
тапшылығы да, суды артық
пайдалану да зиян. Мысалы,
суды шектен тыс көп пайдалану
бүйрек қызметіне күш түсіріп,
зиянды әсер етеді.
Қорытынды
Қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі.
Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты
тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас адамның арқауы», «асты
көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр.
Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті
пайдаланатын
тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі
өзгірістерге ұшырап, денеге сіңіріледі. Онда тағамдық
заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға
таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның
құрамындағы ағзалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді.
Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпыы ағзаның қызметі
үшін жұмсалады. Тағамағза үшін энергия көзі және құрылыс
материалы.