Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


Мәтін 2: Мұнай компаниясының кадр бөлімінің есептемесі



Pdf көрінісі
бет34/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Байланысты:
Критикалық ойлау негіздері

Мәтін 2: Мұнай компаниясының кадр бөлімінің есептемесі
1. 
Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне 
дағдарыс кезінде суыққандылық танытатын және 
әртүрлі мәселелерді жылдам 
сезіне алатын адам қажет.
2. Бұл үміткер ұшақпен ұшу кезінде 
қорқынышы бар екендігін және 
ұшақ қонар кезде қатты абыржитындығын, осыған 
байланысты, егерде мүмкін болса шетелге жол 
жүруден аулақ жүретіндігін айтып отыр. 
3. Осыған сәйкес, ол адамның өте күйгелек екендігі, 
дағдарыс кезінде абыржып қалатындығы және қиын 
кезеңдерде бірқалыпты басқара алмайтындығы 
түсінікті болды. 
4. 
Бұл үміткер біздің мұнай компаниямыздың басқарма 
төрағасының орынбасары қызметіне сай келмейді 
деп есептейміз.
Негізгі сұрақтарды қарастырмай, күрделі сұрақтарға 
ойымызды шоғырландырып көрейікші. «Сіз мәтіннің 
қорытындысымен келісесіз бе? Егерде жоқ десеңіз, 
неліктен?» -деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап 
бермес бұрын аргументтерді талдаудан бастаймыз. 
Бірінші сөйлем мәтіннің мақсатын көрсетеді: суыққанды 
басқарма төрағасының орынбасары қажет. Екінші сөйлем 
бұл қызметке үміткердің бірінің мәселесін бейнелейді. 
Үшінші сөйлем аралық қорытындыны: 
«ол күйгелек адам»
екендігін келтіреді. Ал, төртінші сөйлемде осы аралық 
қорытындының негізінде негізгі қорытынды: 
«бұл 
үміткер басқарма төрағасының орынбасары қызметіне сай 
келмейді»
деп келтірілген.
Ал, енді өзіміздің қорқыныштарымыз жайлы ойлап 


98
көрейік. Бізде қорқыныш бар ма? Мысалы, осы кітаптың 
авторларының бірі жайыннан қорқатындығын айтты. 
Алайда, жайын адам өміріне шынайы қауіп-қатер 
алып келетіндіктен жайыннан қорқу қалыпты және 
рационалды құбылыс деп санауға болады. Бірақ, басқа 
автор қаздардан қорқады екен. Ал, қаздар дәл қазіргі кезде 
отыздан асып бара жатқан авторға ешбір айтарлықтай 
зиян келтіре алмайтыны анық. Өзінің қаздарға деген 
қорқынышына қарамастан, автор күйгелек адам емес. 
Әрине, Сіз бұл жағдай автор жайлы болғандықтан 
оның ешбір құмарлығы жоқ деп айтуыңызға болады. 
Бірақ, бұл жайлы басқа да көп адамдар куәлік етіп отыр. 
Яғни, бұл дегеніміз басқарма төрағасы орынбасарына 
үміткердің де күйгелек адам еместігін көрсете алады ма? 
Жоқ. Бірақ, мәтінде берілген ақпараттарға сәйкес біз ол 
адамды күйгелек деген қорытынды жасай алмаймыз. 
Яғни, үміткер күйгелек адам болуы шарт емес. Осыған 
байланысты кадр бөлімі үміткерлерді өз қабілеттерін 
көрсету мүмкіндіктерінен айырмас бұрын олар жайлы 
көбірек біліп алулары қажет. Егерде кадр бөлімінің бұл 
үміткерді жұмысқа алу ниеттері мүлдем болмаса, олар жай 
ғана жұмыс шетелдік жол сапарларға толы болатындығын, 
үнемі ұшақпен ұшуды талап ететіндігін, тіпті оған ұшақ 
ішінде де көп жұмыс жасау керектігі жайлы айтулары 
мүмкін. Мұндай жағдайда үміткердің өзі де бұл лауазымға 
сәйкес келмейтіндігін түсінер еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет