99
критикалық ойлау бойынша емтихандар арасындағы ең
қызықтысы
Thinking Skills Assessment (TSA) Oxford
болып
табылады. Бұл емтихан екі бөлімнен тұрады: 1
-с
екция
(90 минут) және 2
-с
екция (30 минут). 1
-с
екция бойынша
оқушылар логика және критикалық ойлау бойынша 50
сұраққа жауап берулері қажет. Әрбір сұрақтың 5 жауап
түрлері бар. Ал, 2
-с
екцияда 4 сұрақтың бірінің жауабы
бойынша шығарма (1200 сөзден кем емес) жазуы керек.
1
-с
екция және 2
-с
екция нұсқасы бойынша TSA сұрақтарын
қарастырайық:
1-секция нұсқасы бойынша сұрақтар
1. Қызылордада жыл сайын 500-ге жуық автокөліктер
өрті болып жатады. Облыстық әкімшіліктің мәліметтері
бойынша көлік жүргізушілердің 10%-да ғана өрт сөндіргіш
құралы бар екен. Осыған сәйкес, егерде әкімшілік көпшілік
көлік жүргізушілердің өзімен бірге өрт сөндіргіш құралдарын
алып жүрулерін міндеттесе, онда автокөлік өртінің саны
азаяр еді.
Сұрақ:
Аргументтегі қате талқылауды анықтаңыз.
Біз өрт сөндіргіш құралдың өртті алдын алу үшін
емес, өртті сөндіру үшін қажеттігін білеміз. Тіпті, егерде
біздің көлігімізде 10 өрт сөндіргіш құрал болса да, өрт
шығуы мүмкін. Яғни, аргументте көлік жүргізушілерде өрт
сөндіргіш құралдардың болуы өрт санын азайтуы мүмкін
деген қате талқылау енгізілген.
100
2. Миллениум ауылында ҰБТ нәтижелері жыл
сайын жақсарып келеді. Бірақ, жергілікті мектеп те,
Миллениумдық оқушылар түсетін университеттер де
оқушылардың білім деңгейінен айтарлықтай өзгерісті
байқап отырған жоқ. Осыған байланысты, смартфондар
мен коммуникациялық ұсыныстардың пайда болуы қандай
да бір жағдаймен оқушылардың ұпайларының жақсаруына
әсер етті деген логикалық тұрғыдан болжам жасауға
болады.
Сұрақ:
Берілген аргумент қандай болжамға сүйеніп
отыр?
Бәлкім, бұл бақылаудың альтернативті түсінігі болар.
Егерде оқушылар жақсы оқи бастамаған болса, онда
жыл сайын Миллениум ауылына келетін ҰБТ нұсқалары
жеңілдеп келеді деген болжам жасауға болады. Бірақ, бұл
нұсқа аргументте қарастырылмағандықтан автор ҰБТ
тапсырмаларының күрделілік деңгейінің тұрақтылығына
жол беріп отырғандығын байқаймыз. Автордың жорамалы:
ҰБТ күрделілік деңгейі жыл өткен сайын өзгерген жоқ.
3. Нормалия елінің Денсаулық сақтау министрлігінің
баспасөз маслихатында «Ақиқат» газетінің журналисі
сол елдің денсаулық сақтау сапасын жақсартуға арналған
бюждеттің артатындығы жайлы жоспарды сынға алып,
мұндай шараның адамдардың денсаулығына айтарлықтай
әсерін тигізбейтіндігін айтты. Өзінің қорытындысына
қолдау ретінде Байония және Кедейлия елдердің
медициналық статистикалық мәліметтерін келтірді.
Байония елдерде адам басына Нормалия елдерге қарағанда
101
5 есе көп қаржы жұмсалады екен. Бірақ, Байония еліндегі
өмір сүру жасының орташа ұзақтығы тура Нормалия
еліндегідей болып отыр. Ал, Кедейлия елінде Нормалия
еліндегімен салыстырғанда тіпті 10 есе аз қаржы адам
басына емес, одан да көп жанға арналған екен. Бірақ, мұнда
да өмір сүру жасының орташа ұзақтығында айтарлықтай
айырмашылық жоқ болып отыр.
Сұрақ:
Берілген аргумент қандай болжамға сүйеніп
отыр?
Бюджеттің артуы еліміздегі өмір сүру жасының орташа
ұзақтығын өзгерте алмайтындығы жөнінде журналистің
айтқаны дұрыс. Бірақ, ол тұрғындардың денсаулық
сапасын орташа өмір сүру жасының ұзақтығы бойынша
белгілеуге болады деп есептейді. Алайда, бұл міндетті емес.
Бүйрек ауруына ұшыраған екі түрлі адамның әрқайсысы 60
жасқа дейін өмір сүрулері мүмкін. Алайда, олардың біреуі
емделуге көбірек қаржы ала алатын болса, онда ол осы 60
жасына дейін ауруды аз сезініп, ынғайсыздықтарға азырақ
душар болар еді.
4. «Бес» бағасын алу үшін оқушыларға көп жұмыс жасау
керек. Осыған сәйкес, егерде оқушы белгілі бір пән бойынша
көп жұмыс жасайтын болса, онда ол осы пән бойынша «бес»
алуы тиіс.
Сұрақ:
Аргументтегі қате талқылауды анықтаңыз.
«Бес алу» үшін «көп жұмыс жасау» қажетті шарт болып
102
табылады. Бірақ, қажетті шарт әрдайым жеткілікті жағдай
болып саналмайды. Тіпті, егерде оқушы көп жұмыс жасаса
да емтихан тапсырған күні
оның басы ауырып қалуы
немесе қатты қобалжығандықтан өткен материалдарын
ұмытып қалуы мүмкін. Осыған сәйкес, дайындалған оқушы
міндетті түрде бестік алады деп тұжырымдауға болмайды.
5. Бокстан жаңа секция ашу – Майқұдықтағы
жеткіншектер арасындағы қылмыспен күресудегі ең тиімді
тәсіл. Бокс адамдарды өзін
Ǧ
өзі ұстауға және белгілі бір
тәртіпке бағынуға үйретеді. Жеткіншектер бос уақыттарын
көшеде емес, бокс сабағында өткізетін болады. Жаңа бокс
секциялары ашылған көптеген жерлерде жеткіншектер
арасындағы қылмыстың азайғандығы байқалған.
Сұрақ:
Аргументтегі қате талқылауды анықтаңыз
Ǥ
Берілген аргумент «ең тиімді тәсіл» деген
абсолюттік тұжырымдамамен бейнеленіп отыр. Мұндай
тұжырымдамалар ең аз дегенде үш әртүрлі тәсілдердің
тиімділігін қарастырған кезде ғана пайда болуы мүмкін. Бұл
жерде футбол, бокс, таэквондо секцияларын салыстырып,
содан кейін ғана олардың
арасында біреуі әлдеқайда
тиімді тәсіл екендігі жайлы айтуға болатын еді. Берілген
жағдайда бір ғана тәсіл қарастырылып отыр. Мұндай тәсіл
белгілі бір өнім немесе қызметті «Қазақстан нарығындағы
№1» деп атап, оның жақсы жақтарын тізе бастайды да
сатылым және жарнама жасауда кеңінен қолданылады.
Салыстырмай тұрып бір нәрсені артық (немесе нашар) деп
айту ақылға сыймайды. Халық арасында: «Ең жақсысын
салыстыру кезінде білесің» - деп айтады.