одақтар айқындала бастаған.VII-IX ғасырларда қазақтың ірі тайпалық
одақтарының(жүздерінің) негізі салынды деген пІкір бар.Тіл жағынан
алғанда қазақ жеріндегі тайпалардың бәрі де түркі негіздес диалектілерде
сөйлеген,сонымен бірге бұл дәуірде тайпалық одақтар тілі көнетүркілік негіз-
тілден бөліне бастаған еді. V-X ғасырлардағы көне түркі тілдері жайындағы
мәліметтер Орхон,Енисей,Селенге,Іле,Талас өзендері бойларынан табылған
V-X ғасырлардың жазба ескерткіштерінде, IX-X ғасырлардағы көне ұйғыр
жазбаларында сақталған.Бұл ескерткіштер қазіргі түркі тілдерінің көбіне
ортақ болуымен бірге қазақ тайпаларының көне замандағы тілі құрылымынан
да мағлұмат береді.
Қазақ жеріндегі тайпалық тілдердің бұдан кейінгі дамуы түркі тілдерінің
ортағасырлық дәуіріне сәйкес келеді.Бұл дәуір негізінен қыпшақ қауымы мен
моңғол үстемдігінің заманы болғаны белгілі.Түркі тілдерінің ортағасырлық
дәуірінде қазақ жеріндегі тайпалық тілдер жергілікті сипат алып,одан ары
дамыды.Сонымен бірге олардың бәріне ортақ тілдік белгілерде жетіле
түсті.Мұның өзі болашақ бірыңғай халық тілінің жасалуына бетбұрыс
еді.Қыпшақ тілдерінің оның ішінде қазақ тілінің құрылымы туралы
мәліметтер түркі тілдерінің ортағасырлық дәуірінен қалған тарихи
шығармаларда сақталған.Мәселен XI ғасырда Қараханидтер мемлекеті
кезіндегі Орта Азия елдерінің сөйлеу тілі мен кейбір тайпалық одақ
тілдерінің сипатын білдіретін Махмұд Қашқаридың “Диуани лұғат ат-
түрк”атты еңбегінде(1073-74)қыпшақ тобына,оның ішінде қыпшақ-ноғай
тілдеріне тән белгілер аз емес.Бұдан басқа көне түркі әдеби тілінің дәстүрінде
жазылған шығармалар да бареді:Жүсіп Баласағұнның “Құтадғу білігі(1067-
70),Қожа Ахмет Яссауидың “Диуани хикметі” т.б.
Түркі тілдерінің дамуының жаңа дәуірінде (XV-XIXғасырлар)қазақтың
тайпалық одақтары қыпшақ қауымынан,ноғай ордасынан бөлініп шығып,өз
алдына халық болып қалыптасу үстінде еді.Тайпалық одақтар тілінде бәріне
ортақ халықтық тіл белгілерінің басым болуы бірыңғай халық тілінің
дамуына мүмкіндік берді.Мұның өзінде қазақ тілі қыпшақ тілдеріне,оның
ішінде қыпшақ-ноғай тобындағы белгілерді сақтай отырып,өзінің ішкі даму
заңымен жетіліп отырды.Бұл процесс,яғни қазақтың халық тілінің
қалыптасуы, XV-XVI ғасырдан бастап, XIX ғасырдың екінші жартысына
дейін созылды.
Достарыңызбен бөлісу: