«География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті тапсырмалар жинағы»


Жауабы: Себебі Айда жел де, жауын-шашын да болмайды



Pdf көрінісі
бет19/32
Дата08.12.2023
өлшемі1,32 Mb.
#135034
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
«География п нінен о ушыларды функционалды сауаттылы ын арттыр

Жауабы:
Себебі Айда жел де, жауын-шашын да болмайды.
 


37 
«Дүниежүзілік мұхитты зерттеу» бойынша тапсырмалар 
 
1-тапсырма 
 
Берілген ақпараттарға сәйкес Орыс ғалым-саяхатшыларының 
қандай кемемен жүзгенін анықтаңыз:[4] 
1) «Әулие Фока»берілген кемелердің ішінде ең соңынан құрылған 
кеме; 
2) «Әулие Гавриил» кемесі жүзіп жүрген мезгілде М.П. Лазарев 
және В.М. Головнин дүниеге келмеген; 
3) В. Беринг өзінің жорығын берілген ғалымдардан бұрын жасаған. 
4) «Мирный» кемесі Антарктида материгі ашылған жершарын 
айнала жасалған экспедицияға қатысқан. 
5) Г.Я. Седов В.М. Головнинаның немересімен бірге Теңіз кадет 
корпусында бітіруші емтиханын тапсырып жатқан.
Мүмкін емес жауаптарға минус белгісін қою арқылы дұрыс 
шешімді анықтау.
«Әулие Фока» «Әулие Гавриил» «Диана» «Мирный» 
М.П. Лазарев 
Г.Я. Седов 
В. Беринг 
В.М. Головнин 
Жауабы
:Оқушының ойлауы келесідей болуы мүмкін: 
«М.П. Лазарев орыс антарктида экспидициясын басқарғаны екені 
белгілі. Шартта көрсетілгендей, мұндағы кеме "Мирный" . 
Алғашқы мұхитсаяхатшылардың бірі В. Беринг, ал Г.Я Седов В.М. 
Головнинаның немересімен бірге оқыған. Яғни, Г.Я. Седов өз 
саяхатын берілген ғалымдардың арасында ең соңғы болған, соған 
сәйкес кемесі "Әулие Фока". В. Беринг және В.М. Головиннің 
кемесі қалды, "Әулие Гавриил» кемесінің саяхаты кезінде В.М. 
Головин әлі дүниеге келмеген. Соған сәйкес ол кемеде В. Беринг 
жүзген. «Диана» кемесі қолды, яғни онда адмирал В. М. Головнин 
жүзген.» 


38 
2-тапсырма

Ла-Манш бұғазының астынан тоннель қазу туралы келісімге 1986 
жылы қол қойылды, Еуротоннель қолданысқа 1994 жылы берілді. 
Параллель салынған екі темір жолдың ұзындығы 51 км, сонымен 
қатар бұл темір жолдың 39 км
судың астында орналасқан. Қазіргі 
кезде жүрдек поездар Лондон мен Париждің арасын 2 сағат 15 
минутта жүріп өтеді. Сонымен қатар Ла-Манштың (судың) астынан 
өту 30-35 минут уақытты алады. Берілген деректерді қолдана 
отырып Лондоннан Парижге саяхат жасау жобасын жасаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет